1-тарау. Жалпы ережелер
Егер қаржы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
1) жергілікті бюджеттің атқарылуы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) түсімдер мен шығыстар бойынша бюджеттің толық және уақтылы атқарылуы;
3) бюджеттік есепке алуды жүргізу, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жасау;
4) аудандық коммуналдық меншікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
5) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
1) құқықтар:
өз қызметін басқа атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен (сұрау салулар негізінде) жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдар алу;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.
1) бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырады;
2) жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады;
3) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде бюджеттік бағдарламалардың толық және уақтылы орындалуына бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;
4) бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне түсімдердің болжамды көлемдерін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің келісімі бойынша өзгерістер енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
7) төлемдердің уақтылылығы мен толықтығын қамтамасыз ету үшін алдағы кезеңде бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтілетін көлемін айқындайды;
8) қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларын ай сайын бөлуді талдау және бағалау, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландыру жоспарларына енгізетін өзгерістердің негізділігіне, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау арқылы бюджет қаражатын игеру мониторингін жүзеге асырады;
9) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру, аудандық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға беру бойынша жұмысты жүргізеді;
жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату, мүліктік жалдау, сенімгерлік басқару, аудандық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалану шарттарын дайындауды және жасасуды жүзеге асырады;
10) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген басқа да есептерді әкімдікке, облыстың Тексеру комиссиясына, ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органға ұсынады аудитке;
11) жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды, одан әрі пайдалануды және өткізуді жүргізеді;
12) жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығы туралы сотқа өтініш беру үшін, иесіз жылжымайтын мүлікті есепке қою және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда есептен шығару бойынша құжаттарды дайындау бойынша жұмыс жүргізеді;
13) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;
14) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырыс беруші ұсынған тапсырмаларды қарайды;
15) тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді және бекітеді;
16) конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
17) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;
18) мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;
19) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
20) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап-арыз жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының
мәртебесі, өкілеттігі
1) қаржы бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) қаржы бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қаржы бөлімінің атынан өкілдік етеді;
5) мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Қаржы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату