Жыл басынан бері мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға өткізілгені 6745,1 тонн немесе 101,7%. Сауылған сиыр сүті 6447,6 тонна немесе 99,7%. Алынған тауық жұмыртқасы 3437,2 мың дана немесе 96,2%. Сондай-ақ бір сауынды сиырға шаққандағы орташа сауылым 1122 кг немесе 100,1%. Бір мекиен тауыққа шаққандағы орташа жұмыртқа шығымы 61 дана немесе 100,0%.
Аудан бойынша ІҚМ саны- 33411 немесе 115,2%, с.і. сиыр- 10962 немесе 99,0%, қой- 26882 немесе 126,8%, ешкі- 439 немесе 96,1%, шошқа- 4961 немесе 70,8%, жылқы- 6555 немесе 125,5%, түйе- 3 немесе 100,0%, құс- 228669 немесе 53,6%.
100 аналыққа шаққанда 68 бастан алынған төл бұзау- 7672 немесе 109,1%, 100 аналыққа шаққанда 343 бастан торай – 3078 немесе 71,4%, 100 аналыққа шаққанда 73 бастан қозы – 8753 немесе 111,4%, 100 аналыққа шаққанда 44 бастан лақ -76 немесе 97,4%, 100 аналыққа шаққанда 31 бастан құлын – 847 немесе 112,6%.
2022 жылғы қаңтар-мамыр айларына қолданыстағы бағаларда өнеркәсіп өнімі (тауарлар мен қызметтер) 2777,6 млн.теңгеге өнідірілді. Сондай-ақ нақты көлем индексі 187,6% болды.
Есепті кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар 5252 млн.теңге игерілді немесе 113,8%, соның ішінде тұрғын үй құрылысында 42 млн.теңге. Іс жүзінде республикалық бюджеттен 151 млн.теңге пайдаланылды, жергілікті 594 млн.теңге, жекеменшік қаражаттан 1697 млн.теңге, қарыз 2473 млн.теңге, банк кредиттері 337 млн.теңге құрды.
Жыл басынан бері 793 ш.м. жалпы алаң пайдалануға берілді.
Аудан бойынша бөлшек сауда қаңтар-мамыр айларында 2032452 мың.теңге немесе 102,4% құрады.
Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2022 жылғы қаңтар–наурыз 166903 теңге құрады, сондай-ақ өсім 2021 жылғы қаңтар-наурыздағы 16,2% -ға жетті.