Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларының 7-тармағы 3) тармақшасына сәйкес «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен жария талқылау үшін 2022 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жария талқылау мерзімі орналастырылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмауы тиіс. Ескертулер және (немесе) ұсыныстар karabalyk_ozisp@kostanay.gov.kz электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз, себебі Қарабалық ауданы әкімінің сайты кері байланысты көздемейді.
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзікөрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер
|
6276,5 |
Үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары |
Қарабалық ауданының азаматтары |
Егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік белсенділігін жақсарту, қарым-қатынас үшін жағдай жасау, өмірге оң көзқарасты сақтау.
|
|
|
Мүгедек және зейнеткерлік жастағы адамдар үшін бос уақыт іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу |
1000,0 |
Үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары |
Қарабалық ауданының азаматтары |
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, мүгедек қарт азаматтарға білікті мамандандырылған көмек көрсету
|