Статистикалық және талдамалық ақпарат (2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2021 жылғы қаңтар-қараша айларына деректер)

  1. Ауыл шаруашылығы:

Жыл басынан бері мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға өткізілгені 13955,1 тонна немесе 129,0%. Сауылған сиыр сүті 14922,3 тонна немесе 101,5%. Алынған тауық жұмыртқасы 8831,0 мың дана немесе 100,1%. Сондай-ақ бір сауынды сиырға шаққандағы орташа сауылым 2471 кг немесе 100,1%. Бір мекиен тауыққа шаққандағы орташа жұмыртқа шығымы 137 дана немесе 100,0%.

Аудан бойынша ІҚМ саны- 38625 немесе 127,0%, с.і. сиыр- 11423 немесе 97,9%, қой- 16707 немесе 107,7%, ешкі- 504 немесе 104,1%, шошқа- 5731 немесе 107,7%, жылқы- 5392 немесе 124,0%, түйе- 3 немесе 100,0%, құс- 569368 немесе 4,6 есе.

100 аналыққа шаққанда 80 бастан алынған төл бұзау- 9416 немесе 93,5%, 100 аналыққа шаққанда 641 бастан торай – 6687 немесе 107,8%, 100 аналыққа шаққанда 93 бастан қозы – 7926 немесе 100,9%, 100 аналыққа шаққанда 44 бастан  лақ -79 немесе 102,6%, 100 аналыққа шаққанда 62 бастан құлын - 1203 немесе 102,4%.

  1. Өнеркәсіп:

2021 жылғы қаңтар-қараша айларына қолданыстағы бағаларда өнеркәсіп өнімі (тауарлар мен қызметтер) 4480,5 млн.теңгеге өнідірілді. Сондай-ақ нақты көлем индексі 132,2% болды.

  1. Инвестициялар:

Есепті кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар 8043 млн.теңге игерілді немесе 130,3%, соның ішінде тұрғын үй құрылысында 149 млн.теңге. Іс жүзінде    республикалық бюджеттен 418 млн.теңге пайдаланылды, жергілікті 1073 млн.теңге, жекеменшік қаражаттан 2635 млн.теңге, қарыз 3795 млн.теңге, банк кредиттері 122 млн.теңге құрды.

Жыл басынан бері 2993 ш.м. жалпы алаң пайдалануға берілді.

  1. Сауда:

Аудан бойынша бөлшек сауда қаңтар-қараша айларында 3793901 мың.теңге немесе 102,1% құрады.

  1. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы:

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2021 жылғы қаңтар–қыркүйекте 156224 теңге құрады, сондай-ақ өсім 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 23,1% -ға жетті.

 

Дата публикации
20 декабря 2021