Мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру туралы

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек  және әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығына сәйкес

Халықты жұмыспен қамту орталығы қаржыландыру лимиті негізінде жылсайын 1 қарашаға дейін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы жұмыс орындарын құратын жұмысберушілерден немесе Еңбек биржасы арқылы алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады.

Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде өтінімге:

1) арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығыстар сметасы;

2) банкте шоттың бар-жоғы туралы анықтама қоса беріледі.

Жұмыс берушілерге субсидиялар арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін құрал-жабдықты сатыпалуға, монтаждауға және орнатуға кеткен шығындарды өтеу мақсатында беріледі.

Жұмыс берушілерге субсидиялар уақытша жұмыс орындарын жарақтандыруға берілмейді.

Жұмыс берушілерге субсидиялар олар мынадай шарттарды сақтаған кезде ұсынылады:

1) құрылып жатқан арнайы жұмыс орындарының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13913 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектің жұмыс орны стандарттарына сәйкес келуі;

2) мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын тұрақты жұмыс орны құрылған сәттен бастап сақтау;

3) жұмыс берушіде жалақы бойынша берешектің болмауы;

4) есептелген салықтар, алымдар және бюджетке өзге де міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы;

5) жұмыс берушінің құрылған арнайы жұмыс орындарында атқарып отырған лауазымына сәйкес мөлшерде жалақы төлеуін қамтамасыз етуі.

Мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру туралы
Дата публикации
27 сентября 2021