МӘМС жөніндегі жадынама

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшті. Азаматтардың МӘМС-ға қатысуының басты шарттарының бірі - жарналар мен аударымдарды төлеу болып табылады. 2021 жылы кім, қанша және қандай мерзімде төлейді?

  1. Дербес төлеушілер жарналарды айына 2125 теңгеден төлейді. Төлем мақсатының коды - 122. Жарналар өтініш берген күннің алдындағы 12 ай үшін төленуі тиіс.
  2. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға БЖТ үш ай қатарынан төлеген кезде үшінші ай басталған кезде сақтандырылған мәртебесі беріледі. Мысалы, мен ешқашан жарна төлемегенмін, бірақ 2021 жылдың қыркүйегінен бастап ай сайын БЖТ төлей бастадым, бұл жағдайда қараша айында мен сақтандыру мәртебесін аламын. Алдыңғы 12 айдағы қарызды төлеудің қажеті жоқ, болашақта БЖТ- ны ай сайын төлеу жеткілікті.
  3. Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар жарналарды айына 2975 теңгеден төлейді. Төлем мақсатының коды-122. Төлеу кезінде төлем жүргізілетін кезеңді көрсету қажет.
  4. Азаматтық–құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін осы Шартты шарт сомасының 2% мөлшерінде жасасқан салық агенті жарналарды төлейді. Төлем мақсатының коды - 122.
  5. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлер үшін жарналар мен аударымдарды есепті айдан кейінгі айдың 25-не                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      дейін төлеуге міндетті:
  6. 121 ТТК бойынша - еңбекақы төлеу қорының 2% мөлшеріндегі аударымдар (жұмыс берушінің есебінен).
  7. 122 ТТК бойынша - жұмыскердің есептелген табысының 2% мөлшеріндегі жарна (жұмыскердің жалақысынан);

Жұмыс берушіге бір ТТК үшін төлемдерді төлеуге болмайды. Сондай-ақ, егер бухгалтер бірнеше ай ішінде бір кезеңге аударым жасаса, қате болады. Қызметкер сақтандыру мәртебесін жоғалтады.

Сақтандырылу мәртебесінің болуын FMS.KZ сайтында немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы тексеруді ұсынамыз.

МӘМС жөніндегі жадынама
Дата публикации
07 сентября 2021