Қарабалық ауданы әкімдігінің «2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасына баспасөз релизі

Қарабалық ауданы әкімдігінің «2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9- бабына сәйкес.

Көрсетілген қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты - ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу болып табылады.

Қаулы жобасын қабылдау негативті әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарды туындатпайды. 

Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11210279 жарияланған.

 

Дата публикации
02 сентября 2021