2021-2023 жылдарға арналған Карабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің азаматтық бюджеті Бөрлі ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттік қаражаттарды жұмсауға бағытталуы туралы ақпаратты құрайды.
Ол құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және ауылдық округ бюджетінің түсуі және шығындалуы» бөлімшелері.
Ауылдық округтің бюджеті – ол әкімшілік-аймақтық бірлік қорытындыларының нақты жетістіктерге жетуге бағытталған ауылдық округ әкімінің, оған ведомствалы мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметтерімен міндеттерін қаржылық қамтамасыз ету үшін тағайындалған орталықтандырылған ақшалай қор.
Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзеу, бюджеттік есепті және есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржыландыруды бақылау бойынша қызмет.
2021-2023 жылдарға арналған Карабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджеттік және Салық кодексіне, 2021-2023 жылдарға арналған Карабалық ауданы Бөрлі ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамытудың болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 08 қантардағы № 562 шешімімен бекітілген. Әділет органында 2021 жылы 15 қантардағы № 9719 тіркелген.
Орта мерзімді кезеңге арналған ауылдық округ бюджетінің болжамды көрсеткіштерін және бюджет жобасын жоспарлау бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
1.1 «Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері»
Бюджет көлемі
мын. теңге
|
Атауы
|
2020 жыл факт
|
2021 жыл жоспар |
2022 жыл болжам |
2023 жыл болжам |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
ТҮСШЬВУК-барлығы |
21692,0 |
20277,0 |
16705,0 |
16705,0 |
|
Жеке кірістер, оның ішінде: |
816,0 |
620,0 |
1234,0 |
1234,0 |
|
Салықтық түсімдер |
746,0 |
620,0 |
1159,0 |
1159,0 |
|
Салықтық емес түсімдер |
70,0 |
0,0 |
75,0 |
75,0 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде: |
20876,0 |
19657,0 |
15471,0 |
15471,0 |
|
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер |
5187,0 |
2828,0 |
0,0 |
0,0 |
|
берілетін нысаналы даму трансферттері |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Субвенциялар |
15689,0 |
16829,0 |
15471,0 |
15471,0 |
|
Бюджет қаражатының қалдықтары |
|
1747,8 |
|
|
Карабалық ауданы Бөрлі ауылдық округі бюджетінің кіріс бөлігі 2020 жылы 99,9 % орындалды. Түсімдердің түзетілген жоспары 21692,0 мың теңге сомасында нақты түскені 21691,6 мың теңге. Оның ішінде 2020 жылы 1,2,3 санат бойынша меншікті кірістер 314,2% - ға орындалды. Ауылдық округ бюджетіне қосымша 66,3 мың теңге түсті.
Жеке тұлғалардан мүлік салығы 356,6 % орындалды. Есепті жылға түсімдердің жоспары 282,0 мың теңге, нақты түскені 005,6 мың теңге.
Есепті жылға жоспар бойынша елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 104302 коды бойынша 130,0 мың теңге, нақты 188,4 мың теңге түсті.
Көлік құралдарына салынатын салық жеке тұлғалардан түсімдер жоспары жылына 303,0 мың теңге болған кезде іс жүзінде 1270,2мың теңге келіп түсті, бұл 419,2 % - ды құрады.
201510 «Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін жалға беруден түсетін кірістер» коды бойынша жоспар 70,0 мың теңге, нақты түскені 66,3 мың теңге, орындалуы 94,7 % құрады.
2020 жылға аудандық бюджеттен трансферттер түсімі 100% құрады. Жоспар бойынша 20876,0 мың теңге, 20876,0 мың теңге түсті.
2021 жылға ауылдық округ бюджетіне салық түсімдерінің құрылымы
Салық түсімдерінің құрылымы
2021 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне
Ауылдық округ бюджетінің шығындары
|
Аутауы |
2020 жыл факт |
2021 жыл жоспар |
2022 жыл болжам |
2023 жыл болжам |
|
ШЫҒЫНДАР - барлығы,
оның ішінде: |
21691,6 |
22024,8 |
16705,0 |
16705,0 |
|
Мемлекеттік қызметтер |
16023,6 |
18828,0 |
15960,0 |
15960,0 |
|
Білім беру |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
478,0 |
2356,8 |
427,0 |
427,0 |
|
Көлік және коммуникация |
5190,0 |
840,0 |
318,0 |
318,0 |
|
Бюджеттік кредиттер |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Трансферттер |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Бюджеттің тапшылығы (профициті) |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Бюджеттің тапшылығың қаржыландыру (профицитті пайдалану) |
0,0
|
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Бюджеттік кредіттерді өтеу |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
2021 жылға ауылдық округі бюджетінің қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары