«Станционный ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы 2019 жылға арналған жыл сайынғы есеп

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.

«Станционный ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ,  Станционный ауылы,  Мир көшесі,  тел: 8-714-41-23-4-81

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес 2019 жылы ауылдық округі әкімінің аппараты 11 мемлекеттік қызмет  көрсетіледі;

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы 8 қызмет көрсетіледі;

Тегін және (немесе) ақылы негізінде көрсетелетін мемлекеттік қызметтердін саны- 10- тегін, 1- ақылы;

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны  қағаз түрінде  және (немесе) электрондық - 6 электрондық/қағаз, 5- қағаз түрінде.

         Мемлекеттік органның өзінде, 2019 жылы 4 қызмет көрсетілген, 2018 жылы 9 қызмет көрсетілген. 2019 жылы Мемлекеттік корпорация арқылы 33 қызмет көрсетілген, 2018 жылы Мемлекеттік корпорация арқылы 75 қызмет көрсетілген.

        3) Талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ішінде 2019 жылы ең талап етілетін 3 қызмет:

 "Шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" – 22, "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру" - 10 қызмет "Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" – 4, "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" - 1;

Қызмет көрсетушілермен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат дереккөздері және қол жеткізу орындары туралы ақпарат.

Станционный ауылдық округінің әкімі аппаратында ақпараттық стендінде мемлекеттік қызметтер туралы  нормативтік-құқықтық актілермен және ақпараттық - анықтама  материалдары ресімделген.

        Қарабалық ауданында әркім клиент өздігінен электрондық қызмет алалатын немесе қызметкер – консултанттын жәрдемімен «Connection Point» өзіне-өзі қызмет ету бұрышы  бар «Азаматтарға  арналған үкімет» НК КАК Қостанай облысы  бойынша  филиалы ХҚҚО Департаментінің Қарабалық аудандық  бөлімі қызмет атқарады.

          2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

          «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11 бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

3) мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.):

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған өткізілген іс-шаралар: акиматта ақпараттық стендінде жауапты лауазымдық тұлғаның ТӘЖ көрсетілген көрсететін  қызметтер тізімі орналастырылған, өзіне-өзі қызмет ету бұрышы жабдықталған, азаматтар мемлекеттік қызмет алу үшін «электронды үкімет» порталына қосылған компьютер орналастырылған, Станционный ауылдық округінің әкімі аппараты маман мемлекеттік қызмет алушыларды тиісті бойынша қызмет көрсетуге жауапты аппараттын мамандары оқытады және көмек көрсетеді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің процестерін жетілдіру бойынша қызмет.

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2019 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2019 жылы маман ауылдық округі мемлекеттік қызмет көрсету саласында бөлім қызметкерлері біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

3) Мемлекеттік қызмет көрсетудің процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің процестері нормативтік-құқықтық жетілдірілмеген.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде шағымдары туралы ақпарат.

2019 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде шағымдар түскен жоқ;

 2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері: көрсетілген қызметтер саны 37, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы - 33, ауылдың әкімі аппараты көрсетілді - 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органмен жүргізілген тексерулер.

2019 жылы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша тексеру жүргізді..

        4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингтаудың нәтижелері.

2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әрі қарай тиімділігінің және қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасымен қанағаттануын арттырудың болашағы.

Қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр.  Осылай, 2019 жылы аппаратта мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері жөнінде іс-шаралар:

-  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуды болдырмау;

- адамдарды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы стенд, БАҚ және ресми интернет-ресурстары арқылы уақытылы хабарландыру;

- қызмет алушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік корпорация, «электронды үкімет» порталы арқылы алуға мүмкіндік туралы хабарландыру және түсіндіріп тарату үшін іс-шараларды жүргізу;

-  мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметшілердің біліктілігін арттыру көзделген.

 

 

әкімі                                                                                                 Б. Жакаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгілік нысанға қосымша

Нысан

 

 

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы қызмет алушыларының шағымдары туралы ақпарат

 

 

Шағым берген өтініш беруші туралы мәліметтер 

Шағым мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау датасы 

Шағымды қарау нәтижелері бойынша құжаттың

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

 

-

-

-

-

-

-

-

 

 

Дата публикации
08 июня 2020