2021 жылдың 1 сәуіріне «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының Қарабалық ауданында жүзеге асырылуы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады.

      2021 жылға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының іс шараларын жүзеге асыру үшін (әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар практикасын, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, кәсіптік оқыту, енбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша субсидиялар төлеу, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар, алғашқы жұмыс орны, ұрпақтар келісімшарты жобасы халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі) республикалық, облыстық бюджеттердің қаражаттарынан Қарабалық ауданына 68 млн. 963  мың теңге бөлінді.  

 

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

 

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып,

техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау

 

«Еңбек» Бағдарламасына қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне сәйкес тегін беріледі.

«Еңбек» Бағдарламасына қатысушылар осы және өткен жылдардағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, кәсіби білімі жоқ және оқу орындарына түскендер, жұмыс іздеп жүрген және жұмыссыз адамдар, табысы аз және/немесе көп балалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ  халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағында аталған азаматтардың өзге санаттары болып табылады.

 ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша «Еңбек» Бағдарламасына қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

 Осы бағыт шеңберінде 55 адамды оқыту жоспарлануда.

 

 

 

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер

және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу

 

     Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар,  NEET санатындағы жастар және табысы аз көпбалалы отбасылар мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер, қысқартылатын жұмыскерлер қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін «Еңбек» Бағдарламасына қатысушылар болып табылады.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшелігіне қарай алты айдан аспайтын мерзімді құрайды.

            Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өте алады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өткен кезде «Еңбек» Бағдарламасына қатысушыға тұруға арналған (тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге) материалдық көмек төленбейді.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін адамдар стипендиямен және материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға мынадай мөлшерде:

      1) облыс шегінде, бірақ «Еңбек» Бағдарламасына қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында білім алған барлық кезеңде оқу орнына баруға және қайтуға 4 айлық есептік көрсеткіш немесе 11 668 теңге (бұдан әрі – АЕК, 2021 жылы 1 АЕК 2917 теңге құрайды)) мөлшерінде жол жүруге;

      2) тұруға ай сайын –5 АЕК немесе 14 585 теңге мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

3) медициналық тексеруден өту барлық оқу кезеңіне 2 АЕК немесе 5834 теңге мөлшерінде (бұдан әрі АЕК, 2020 жылы 1 АЕК 2917 теңге құрайды).

   4) Стипендия бағдарламаға қатысушылардың стипендиясының мөлшері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқытылатын студенттер үшін заңнамамен бекітілген стипендяның мөлшеріне тең ( 2021 жылы стипендия мөлшері =21787теңге).

 

      Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмай, білім беру ұйымы сабаққа келуі туралы берген анықтаманың негізінде төленеді.

               Қысқа мерзімді оқытумен 15 адам қамтыланады.          

             7 млн 642 мың теңге бөлінді.

 

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

     Оқыту үшін біліктіліктер мен дағдылардың тізбесі жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылады.

      Жұмыс беруші оқуға үміткерлерді халықты жұмыспен қамту орталықтарына, мобильді жұмыспен қамту орталықтарына және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне жүгінгендер, сондай-ақ бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысатындар және Электрондық еңбек биржасында тіркелгендер қатарындағы адамдардың ішінен таңдауға құқылы.

         

Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

      Еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы біліктілігін өздігінен алу мақсатында оқу ваучерін ұсыну көзделуде.

      Оқу ваучері үміткерлерге білім беру ұйымдарын, оқу мазмұны мен мерзімдерін таңдау мүмкіндігін көздейді және атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделеді.

      Өздігінен кәсіптік оқу үшін біліктілік таңдау халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие 100 сервистік және индустриялық кәсіптердің тізбесінен жүзеге асырылады.

      Оқу ваучерінің құнына білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқу процесінің шығыстары, "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға стипендия және жол жүруге, тұруға және медициналық тексеріп-қараудан өтуге материалдық көмек кіреді.

      Үміткер оқу ваучерін алу үшін тұрақты тұратын жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталығына немесе мобильді жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

 

"Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы

шеңберінде кадрлар даярлау

 

Жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Шымкент облыстарының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасына қатысушылар болып табылады.

      Жобаға қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру пұлымен қамтамасыз етіледі.

      Кадрларды даярлау ұзақтығы білім беру бағдарламаларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес таңдалған мамандыққа және біліктілікке байланысты болады.

Жоба шеңберіндегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқуды аяқтағаннан кейін оқыған өңірінде кемінде үш жыл жұмыс істейді, бұл ретте олардың "Еңбек" бағдарламасының шеңберінде оқыған жері бойынша еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларына қатысуға құқығы бар.

Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту

      Жұмыс берушілер еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуға халықты жұмыспен қамту орталығына кәсіптік оқытуға жіберілетін жұмыскерлер санын, кәсіптер тізбесі мен оқу нысанын көрсете отырып өтінім береді.

         Бағдарламалардың ұзақтығы біліктіліктер мен дағдылардың ерекшелігіне қарай он айға дейінгі мерзімді құрайды.

      Кәсіптік оқыту жұмыскерлердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруін ескере отырып:

      жұмыс уақыты шегінде жұмыс орнында оқыту;

      жұмыстан ішінара қол үзе отырып оқыту;

      жұмыстан бос кезде (кешкі уақыт, демалыс күндері) оқыту сияқты әртүрлі нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.

Қайта даярлау бағдарламалары бойынша оқыту жұмыскерлердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруін ескере отырып:

      - жұмыс уақыты шегінде жұмыс орнында оқыту;

      - жұмыстан ішінара қол үзе отырып оқыту;

      - жұмыстан бос кезде (кешкі уақыт, демалыс күндері) оқыту сияқты әртүрлі нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.

      Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту бір адамға арналған оқу жоспарларының және бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне кететін шығыстарға қарай білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілеген кәсіптік оқыту курстары құнының кемінде 50%-ын жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылады.    

         Халықты жұмыспен қамту орталығы білім беру ұйымына кәсіптік оқыту курсы құнының 50%-дан аспайтын сомасын аударуды жүзеге асырады.

       Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Еңбек ресурстарын қайта даярлауға арналған онлайн оқыту

      Ақпараттық технологиялардың дамуы аясында азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және адами капитал сапасын жақсарту, мамандарда жетпей тұрған және сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру үшін Электрондық еңбек биржасы базасында онлайн оқыту іске қосылады.

 

Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту

          

«Бастау Бизнес» жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға о.і. онлайн режимінде, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында, 2018 жылдан бастап қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленетін жұмыспен қамтылған адамдардың бөлек санаттары,NEET санатындағы жастар және табысы аз көпбалалы отбасылар мүшелері, жас отбасылар мүшелері, көп балалы табысы азө отбасылар мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады.

 «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:

1) тестілеу;

2) бизнес-менторлық қағидат бойынша топтарда практикалық оқыту және дербес консультация беру немесе веб-портал арқылы қашықтықтан оқыту;

3) бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындық;

4) сату тізбесін жасауға жәрдемдесу (алдын ала шарттар жасасу);

5) бизнес-жобаны іске асыруды он екі айға дейін, ал табысы аз және/немесе көпбалалы отбасы мүшелерін он сегіз ай ішінде сүйемелдеу.

      Оқу процесінің жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзімді құрайды, онлайн режимінде оқытуды қоспағанда.

 

       2021 жылда «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 60 адам қамтыланады.

Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау

Республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджеттер қаражатынан кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.

           Кредиттер/микрокредиттер алуға "Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) Бағдарламаға қатысушылар басым құқыққа ие болады.

      Қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға берген жолдамасының болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады.

 Кредиттер/микрокредиттер алған "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуға мүмкіндік беріледі. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуды және (немесе) құруды және жабдықтар сатып алуды ЖАО жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Кредиттер/микрокредиттер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, акцизделетін өнімдерді өндіруге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, Бағдарламаға қатысушы жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын үй мүлкінің нысаналы бағытын кредит/микрокредит ұсыну туралы шарт жасаған күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсатқа өзгертетін жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін (нысаналы бағыты кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ) сатып алуға берілмейді.

Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары:

1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін;

2) кредит/микрокредиттің ең жоғары сомасы:

Елді мекен жерлерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда –2,5 мың АЕК дейін, якорлық кооперациясын дамыту үшін – 8 мың АЕК-ке дейін;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды.

Табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелеріне кредит/микрокредит беру шарттары:

      1) кредит/микрокредит мерзімі– жеті жылға дейін;

      2) қамтамасыз етудің болуына қарай кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы 8,0 мың АЕК-ке дейін;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4 %-дан аспайды;

 

            Ағымдағы жылдың басынан бастап микрокредиттеу сұрақтары бойынша 20 адам жүгінді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына» АҚ-на микрокредиттер алу үшін 7 жолдама берілді.

 

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы, қалалар мен моноқалалардағы кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру

Кепілдік "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға:

      1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге, кооперативтер құруға;

      2) қалалар мен моноқалаларда жаңа шағын кәсіпорындар құруға, бар бизнесті кеңейтуге ұсынылады.

Ісін жаңа бастаған/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасының 85 %-ынан аспайды, ал көп балалы және табысы аз отбасы мүшелері үшін кредит/микрокредит сомасының 95%-нан аспайды.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында мемлекеттік тіркелу мерзімі кредит/микрокредит алу үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ға жүгінген сәтте үш жылдан асқан жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперациялардың мүшелері үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасының 50 %-ынан аспайды.

      Кепілдік берілуге тиіс кредит/микрокредит сомасы сегіз мың АЕК-тен аспайды.

      Кепілдік жүзеге асырылатын МҚҰ/КС/ЕДБ кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 6 %-дан, ал көпбалалы және/немесе табысы аз отбасы мүшелері үшін 4%-дан аспайды.

 

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған

мемлекеттік гранттар беру

Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

      Мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік орта білім, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен, "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.

      Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 АЕК дейінгі мөлшерде ұсынылады.

       Мемлекеттік жәрдемақы алуға бірінші кезектегі құқықтарға табысы аз және / немесе көп балалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер мен жастар ие.

      Мемлекеттік грант қажетті инвентарьды, еңбек құрал-жабдықтарын, технологиялық жабдықты, жануарлар, мал, құс коммерциялық жылжымайтын мүлік, сондай-ақ сауда объектілері, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілер аумағында Бағдарлама қатусышысының бизнес-жобасын іске асыру үшін үй-жайларды жалға алуды төлеуге   сатып алуға пайдаланылады.

      Мемлекеттік грант тұтынушылық мақсатқа, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй мүлкін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге берілмейді.

      Бағдарламаға қатысушылардың мемлекеттік гранттарды бір рет қана алуға құқығы бар.

     Жылдың басынан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 20 мемлекеттік гранттар беру үшін 11 млн. 668 мың.теңге берілді. 5 мемлекеттік гранттар берілді, 2 млн. 917 теңге игерілді.

 

 

 

       

 

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

      Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

Жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды

және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен

 қамтамасыз етуге жәрдемдесу

 

      Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленетін жұмыспен қамтылған адамдардың бөлек санаттары, NEET санатындағы жастар, жас және табысы аз көпбалалы отбасылар мүшелері және мүгедек бала бағып отырған аналар, Заңға сәйкес басым құқықтарды пайдаланатын өзге адамдар жұмыспен қамтамасыз етуде қолдау көрсетілетін Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау мынадай шараларды:

      1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандық бойынша жұмысқа орналасу немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіптік хабардар етуді;

      2) адамның жеке-психологиялық мінездемесінің, тұрмыс жағдайлары ерекшеліктерінің, кәсіптік білімінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығындағы қажеттіліктердің негізінде жұмыс орны мен кәсіп таңдауда кәсіптік консультацияны;

      3) нақты кәсіп (мамандық) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.

      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленетін жұмыспен қамтылған адамдардың бөлек санаттары, NEET санатындағы жастар,оралмандар, студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.

 

Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

      Жүгінген азаматтар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға:

      1) дерекқорда бар бос жұмыс орындарына;

      2) Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына;

      3) іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар, инвестициялық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына;

      4) халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына;

      5) жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарына;

      6) "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына;

      7) мүгедектерді және азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруға квоталанатын жұмыс орындарына;

      8) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

       Жыл басынан бастап бос жұмыс орындарына 106 адам жұмысқа орналастырылды.

       Орталық мемлекеттік және ЖАО, ұлттық компаниялар мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жобаларға жұмысқа орналастыру үшін Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс және реконструкциялау кезінде – жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10%-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 15%-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.

       Биыл жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларға  17 адам жіберіледі.

 

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру

      Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады.

      Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.

      Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос жұмыс орындарынан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.

      Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді.

        Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

        Көпбалалы және/немесе табысы аз отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелеріне, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға да үйде әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылады.     

        Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін құрылады.

        Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін берілетін өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35%-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.

         Қарабалық ауданында 10 әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 7 жұмыс беруші өтінімдер тапсырды, 4 млн. 370 мың теңге бөлінді, соның ішінді 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатырған 13 жұмыссыз азаматтар үшін. 880 мың  теңге немесе кезеңнің жоспарынан 100 % игерілді.

2021 жылдың басынан бастап 5 адам әлеуметтік жұмыс орына жұмысқа орналастырылды, оның ішінде:

  • «Исмаилова А.Т.» ЖК – 1 адам (сатушы)
  • «Иржанов М.К.» ЖК – 2 адам (әр түрлі жұмысшы)
  • «Мади» ШҚ – 1 адам (әр түрлі жұмысшы)
  • «Абдрахманов Ж.Ж.» ШҚ – 1 адам (әр түрлі жұмысшы)

 

Жастар практикасын ұйымдастыру

      Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.

      Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтағанына 3 жыл болмаған және жиырма тоғыз жасқа толмаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.

Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.

Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс жүргізіледі.

Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.

Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.

          Республикалық немесе жергілікті бюджеттен төленетін субсидияның мөлшері айында 25 есептік көрсеткішті құрайды немесе 72925 теңге (салықтарды, міндетті әлеуметтік есептерді, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) экологиялық үстемақылар бойынша төлемдерді санамағанда.

Жастар практикасын өтуге 8 жұмыс орнын ұйымдастыру үшін 13 жұмыс беруші өтінімдер тапсырды. «Жастар практикасы» бағдарламасын іске асыруға 4 млн.594 мың теңге бөлінді, соның ішінде 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатырған  9 жұмыссыз азаматтар үшін.

2021 жылдың басынан бастап «жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 1 түлек жұмысқа орналастырылды, оның ішінде:

  • «Бөзкөл селолық округі әкімінің аппаратты» ММ – 1 адам  (маманның көмекшесі);

           1 млн. 94 мың  теңге немесе кезеңнің жоспарынан 100 % игерілді.

            

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытта болады.

      Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

     1) жұмыссыздардың;

     2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;

      3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.

      Ағымдағы жылдың басынан бастап қоғамдық жұмыстарға ауданның 27 жұмыссыз азаматтары жіберілді, 120 адам жоспарланған болатын, ол үшін респулиқалық және аудандық бюджет қаражаттарынан 36 млн. теңге бөлінді.  3 млн. мың. 150,4  теңге игерілді немесе  кезеңнің жоспарынан 100%.

 

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру

      Арнайы жұмыс орны мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын сақтау үшін оны құрған кезден бастап кемінде күнтізбелік он екі ай мерзімге құрылады.

      Жұмыс беруші қалауы бойынша қолда бар жұмыскерлердің штат саны шеңберінде немесе жаңа (қосымша) штат бірлігін құру арқылы арнайы жұмыс орнын құруға құқылы.

Азаматтардың жекелеген санаттары үшін квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру

      ЖАО мыналарды:

      1) ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді;

      2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды;

      3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды;

      4) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жыл сайын квоталар белгілейді.

Алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыру ("Алғашқы жұмыс орны" жобасы)

      Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыру шеңберінде еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларға қажетті еңбек дағдыларын беру және алғашқы жұмыс орнына бейімдеу мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды алғашқы жұмыс орнына орналастыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады ("Алғашқы жұмыс орны" жобасы).

      "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жиырма тоғыз жастан аспаған, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатарындағы жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар үшін жүзеге асырылады.

      Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерді "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналастыру кәсіптік білім туралы дипломда көрсетілген немесе білім беру профилі жақын мамандыққа (кәсіпке) сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама шеңберінде 2 адам жұмысқа орналастыру үшін 1 млн. 401 мың теңге бөлінді, 334 мың теңге игерілді немесе  кезеңнің жоспарынан 100%.

     

Зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін ауыстырумен жұмысқа орналастыру ("Ұрпақтар келісімшарты" жобасы)

      Заңға сәйкес халықты жұмыспен қамтудың қосымша шараларын іске асыру шеңберінде жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды жұмысқа орналастыруды зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін ауыстырумен жұмысқа орналастыруды ("Ұрпақтар келісімшарты" жобасы) ұйымдастырады.

      "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасуға жастар, көпбалалы және/немесе табысы аз отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер басым құқыққа ие. Бұл бағытты асыру үшін 350 мың теңге бөлінді, 167 мың теңге игерілді, немесе кезеңнің жоспарынан 100 % игерілді

                           Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

      Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.

      Ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:

      1) көшуге материалдық көмек беруді;

      2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;

      3) қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беруді;

      4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;

      5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;

      6) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.

      Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.

      Көшуге материалдық көмек Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.

      Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:

      - бір адам үшін – 15 АЕК мөлшерінде;

      - отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК мөлшерінде;

      - отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК мөлшерінде төленеді.

      Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен олардың жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде отбасына бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.

      Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс беруші кемінде бес Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыратын болса, оған кемінде үш жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылданған әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК мөлшерінде субсидия беріледі.

       2021 жылы Қарабалық ауданына ішкі 5 адам мигранттарды көшіру үшін 2 млн.938 мың теңге бөлінді. Ішкі қоныс аударушылардан 5 адамның көшуі ұйымдастырылды. 604 мың теңге игерілді немесе  кезеңнің жоспарынан 100%.

игерілді.

Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық

алаңды дамыту

 

      "Еңбек" бағдарламасының аталған бағыты жұмыс іздеуге және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін Электрондық еңбек биржасын жасауды көздейді.

      Электрондық еңбек биржасында:

      1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы;

      2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдардың дерекқорларындағы;

      3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет-порталындағы (бұдан әрі – портал) деректер қамтылады.

      Портал enbek.kz интернет-ресурсының базасында жұмыс істейді және халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет көрсетуге арналған.

      Портал жұмыс іздеушілер мен бос орындар (бос лауазымдар) туралы ақпаратты, оған қоса "Еңбек нарығы" ААЖ, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы орналастырылатын мәліметтерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің түлектер дерекқорынан шығарылған және жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер порталға өздері орналастырған мәліметтерді шоғырландырады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

               Осы кезде «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандары ауданның жұмыс берушілерінен алдағы қызметкерлердің босатылуы туралы, алдағы еңбек жағдайларының өзгеруі туралы, бос жұмыс орындарының бар болуы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асырады. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, жастар практикасын өту үшін, жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс мәліметтер жинауды жүзеге асырады.

          Жұмыспен қамту орталығы жұмыстан айырылу жағдайында әлеуметтік төлеу тағайындау композиттік қызметін көрсетумен жұмыс іздеуші, жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу, адамдарға жумыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру бойынша,  «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларда қатысу үшін жұмыс жүргізеді.

Төртінші бағыт: «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру

Бағдарламаның төртінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

«100/200» принципі бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде

еңбек нарыңында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлау

         

«Жас маман»жобасы оқу құралдарын жаңарту және халықаралық салалық стандарттар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауға жәрдемдеседі. Жобаны іске асыру 2019-2021 жылдары өтеді.

  1. «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту.

«Жас кәсіпкер» жобасы жыл сайын 100 мың жас адамды қамтумен жастарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған.

«Жас кәсіпкер» жобасы қатысушылары жас кәсіпкерлер, жас отбасы мүшелері болып табылады.

«Жас кәсіпкер» жобасы шеңберінде жастарды кәсіпкерлікке кеңінен тарту үшін келесі мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

  • «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
  • Жоғары оқу орындары мен ТжҚБ студенттерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
  • «Бизнестің жол картаксы 2020» бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру;
  • Жастарға кредиттер/микрокредиттер беру;
  • Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.

 

 Халықты жұмыспен қамту орталығы, бір пакетте көмектің үш түрін ұсынатын жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау үшін өтініштер қабылдайды:

1) атаулы әлеуметтiк көмек төлеу;

2) жәрдемдесу жолымен жұмысқа орналастыруға:

а) жұмыс берушiлердiң бос жұмыс орындарына ұсынған бағыттары;

б) оқуға жiберу, оқуға жiберген шығынды өтеу, тұруына, жол жүруiне, бiр мезгiл ыстық тамаққа (ТЖКБ-да оқуда болған жағдайда) мемлекет есебiнен стипендия төлеу;

в) жастар практикасына жiберу, әлеуметтiк жұмыс орындарына және мемлекет есебiнен қоғамдық жұмыстарға жалақыны субсидиялауға;

г) өз iсiн ашуға немесе бизнесiн кеңейту микрокредит беруге.

3) әлеуметтiк қызмет көрсетуде мұқтаж адамдарға мемлекет кепiлдiк берген арнайы әлеуметтiк қызметтердi көрсету.

Жаңа форматтағы АӘК алу үшін Қазақстан Республикасы азаматтары, босқындар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, жан басына шаққандағы орташа табыстары күнкөріс миниму мөлшерін аспайтын, азаматтығы жоқ тұлғалар жүгіне алады. 

 

Жаңа форматтағы АӘК 2 түрге бөлінеді: шартты және шартсыз ақшалай көмек.

Шартсыз ақшалай көмек (ШАК) еңбекке қабілеті жоқ мүшелерінің (мысалы, отбасы, мүгедектер немесе егде жастағы зейнеткерлер), немесе отбасына, еңбекке жарамды мүшелері олардың объективті себептермен жұмыспен қамтуға қатыса алмайтын (мысалы, жалғыз басты ана мектеп жасына дейінгі балалармен) отбасыларға ұсынылатын болады. Сондықтан осындай отбасыларға көмек алу үшін міндетті түрде жұмыспен қамту іс-шараларына қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек (ШАК) отбасылар құрамында еңбекке қабілетті барлық мүшесінің әлеуметтік келісім-шарт міндетті түрде жасасқан жағдайда және еңбекке жарамды отбасы мүшелері жұмыспен қамту шараларына қатысу арқылы және (немесе) әлеуметтік бейімдеу қажет болғанда жәрдемақы берілетін болады.      

Жылдың басынан бастап жұмыспен қамту орталығы арқылы 59 азамат атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет алды.

Ықылас таныған сұрақтар жөнінде мына мекен-жайы бойынша хабарласыңыз: Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 16 Тел.8(71441) 32923, 32553, Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

Дата публикации
05 апреля 2021