Қауымдық сервитут белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің
19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы
23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне су құбыры желілеріне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында Тоғызақ ауылдық округінің  Надеждинка ауылының аумағында  орналасқан,  жалпы  аланы 2,1638 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Тоғызақ  ауылдық округінің әкімі

 

И.Проскурникова

Дата публикации
25 марта 2021