«Қарабалық кенті әкімнің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы 2020 жылға арналған жыл сайынғы есеп

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.

«Қарабалық кенті әкімнің аппараты» ММ,  Қарабалық кенті,  Космонавтар көшесі, 16  тел: 8-714-41-3-31-51.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес Қарабалық кенті әкімінің аппаратымен 3 мемлекеттік қызмет  көрсетіледі;

  1. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру-11 мем.қызмет, 8-дәлелді бас тарту.
  2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу-41 мем.қызмет, 28- дәлелді бас тарту.
  3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-16 мем.қызмет. «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін барлық қызметтердің қағидалары мен стандарттары бекітілген

«Электродны үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны-3і;

Тегін және (немесе) ақылы негізінде көрсетелетін мемлекеттік қызметтердін саны- 2- тегін, 1- ақылы;

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны  қағаз түрінде  және (немесе) электрондық- 3 электрондық.

         Мемлекеттік органның өзінде, 2020 жылы  41 қызмет көрсетілген, 2019 жылы 81 қызмет көрсетілген. 2020 жылы Мемлекеттік корпорация арқылы 27 қызмет көрсетілген, 2019 жылы Мемлекеттік корпорация арқылы 43 қызмет көрсетілген. "Электрондық үкімет "порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді

        3) Талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ішінде 2020 жылы ең талап етілетін 1 қызмет:

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 41 қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 66 %;

  1. Қызмет көрсетушілермен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат дереккөздері және қол жеткізу орындары туралы ақпарат.

Қарабалық кенті әкімі аппаратында ақпараттық стендінде мемлекеттік қызметтер туралы  нормативтік-құқықтық актілермен және ақпараттық - анықтама  материалдары ресімделген.

        Қарабалық ауданында әркім клиент өздігінен электрондық қызмет алалатын немесе қызметкер – консультанттын көмегімен «Connection Point» өзіне-өзі қызмет ету бұрышы  бар «Азаматтарға  арналған үкімет» НК КАК Қостанай облысы  бойынша  филиалы ХҚҚО Департаментінің Қарабалық аудандық  бөлімі қызмет атқарады.

          2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

          «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11 бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

3) мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.):

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған өткізілген іс-шаралар: акиматта ақпараттық стендінде жауапты лауазымдық тұлғаның ТӘЖ көрсетілген көрсететін  қызметтер тізімі орналастырылған, өзіне-өзі қызмет ету бұрышы жабдықталған, азаматтар мемлекеттік қызмет алу үшін «электронды үкімет» порталына қосылған компьютер орналастырылған, Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты маман мемлекеттік қызмет алушыларды тиісті бойынша қызмет көрсетуге жауапты аппараттын мамандары оқытады және көмек көрсетеді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің процестерін жетілдіру бойынша қызмет.

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2020 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курсынан бас маман И. Л. Зайцева өтті.

3) Мемлекеттік қызмет көрсетудің процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің процестері нормативтік-құқықтық жетілдірілмеген.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде шағымдары туралы ақпарат.

2020 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде шағымдар түскен жоқ;

 2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері: барлығы 68 қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы - 27, кент әкімі аппаратымен  - 41. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

2020 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша бақылау іс-шаралары өткізілген жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері;

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органмен жүргізілген тексерулер жүргізілген жоқ.

        4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингтаудың нәтижелері.

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әрі қарай тиімділігінің және қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасымен қанағаттануын арттырудың болашағы.

Қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр.  Осылай, 2020 жылы кент әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері жөнінде іс-шаралар:

-  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуды болдырмау;

- адамдарды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы стенд, БАҚ және ресми интернет-ресурстары арқылы уақытылы хабарландыру;

- қызмет алушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік корпорация, «электронды үкімет» порталы арқылы алуға мүмкіндік туралы хабарландыру және түсіндіріп тарату үшін іс-шараларды жүргізу;

-  мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметшілердің біліктілігін арттыру көзделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгілік нысанға қосымша

Нысан

 

 

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы қызмет алушыларының шағымдары туралы ақпарат

 

 

Шағым берген өтініш беруші туралы мәліметтер 

Шағым мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау датасы 

Шағымды қарау нәтижелері бойынша құжаттың

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

 

-

-

-

-

-

-

-

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 марта 2021