Жетінші шақырылған Қарабалық аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Қарабалық аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

 Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 18153 азамат енгізіліп, оның 14722-сі немесе 81,1 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 14722 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 19 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 261 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 3 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы-11932 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 81,83 пайызы;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-1313 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,0 пайызы;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 1336 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,16 пайызын құрайды.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:

«Nur Otan» партиясы-9;

«Ауыл» ХДПП-1;

«Ақ жол» ҚДП-1.

 

Қарабалық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 января 2021