«Қарабалық ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Қарабалық ауданы әкімдігінің ведомстволық бағынысты мекемесі болып табылады.
Бөлімнің штаттық санының құрылымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімнің штаттық саны 7 бірлік, оның ішінде 3 - мемлекеттік қызметшілер, 4 - штаттан тыс қызметкерлер.
Ішкі талдау 2020 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды: бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, жер учаскелерін бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес бөлім мемлекеттік қызметтердің 10 түрін көрсетеді. Осы қызметтерді көрсету туралы ақпарат бөлім стендінде және аудан әкімінің сайтында орналастырылған.
2020 жылдың 2 жартыжылдығында бөліммен ЭҮП (Е-лицензиялау) арқылы 106 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.Осы кезеңде көрсетілген қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін бөлім белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде қарап, көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етті. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Ережеге сәйкес бөлімде рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыру жоқ.
Нормативтік-құқықтық актілерде және бөлімнің қызметіне қатысты құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормалар анықталған жоқ.
2020 жылдың басынан бөлімге 18 өтініш түсті, оның ішінде 17 жеке тұлғалардан, оның ішінде жеке қабылдау - 10; заңды тұлғалардан-1. Өтініштер белгіленген мерзімде қаралды. Шағымдар мен қайталама өтініштер жоқ. Аудан әкімінің сайтында және БАҚ-та Бөлімнің қызметі бойынша талданып отырған кезеңде сыни жарияланымдар болған жоқ.
Жер учаскесін жалдау туралы шарт жасасу жалпы саны 93 шартты құрайды; оның ішінде тауарлық ауыл шаруашылығы мақсатын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсаты бойынша - 38 шарт, елді мекендер бойынша-55 шарт; жалпы ауданы-7 га құрайды;
Жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасасу жалпы саны-10 шарт; оның ішінде елді мекендер бойынша-10 шарт; жалпы ауданы 0,8464 га құрайды;
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алу-сату шарты жалпы саны-32 шартты құрайды, оның ішінде елді мекендер бойынша-32; жалпы ауданы 71 га құрайды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі 2020 жылғы 28 қаңтардағы конкурс өткізілді.
2020 жылдың екінші жартыжылдығындағы жағдай бойынша жайылымдар бойынша электрондық танаптар 107726 мың га толтырылды және цифрланды, бұл жоспарға 94,1% - ды құрайды (114479 га);
Егістік жерлер бойынша 320136 мың га 93% - ды құрайды (344,069 мың га).
Бөліммен әділет органдарында Қарабалық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №86 «2019-2020 жылдарға арналған геоботаникалық зерттеулер негізінде Қарабалық ауданы үшін қолайлы жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысы бекітілді.
Жыл сайын жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызметкерлері салық декларацияларын тапсырады. Декларацияларды тапсыру мерзімдерін бұзу жоқ.
Қызметкерлер сыйлықтарды арнаулы мемлекеттік қорға тапсыру тетігі мен мерзімдерін, тұлғаның сыйлықты сатып алу, сондай-ақ бас тартқан жағдайда оны сату тәртібін көздейтін жадынамамен қол қойғызып танысты.
Жер қатынастары бөлімінің сенім телефонының жұмысы туралы ақпарат аудандық «Айна» газетінде жарияланды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша бөлімге:
«Қарабалық ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі» ММ
басшысы Қ.Жүнісов