GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Все материалы
Статистикалық ақпарат
ЕСКЕРТУЛЕР
"Таза Қазақстан"
24 апреля 2026
Баспасөз релизі «Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

Баспасөз релизі
«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді
болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған
интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша
(https://www.theguardian.com/money/2026/apr/12/apple-icloud-storage-scam-emails,
https://lenta.ru/news/2026/04/13/apple-scam/, https://www.obozrevatel.com/ekonomikaglavnaya/economy/moshenniki-atakuyut-vladeltsev-iphone-kak-dejstvuet-novaya-shema.htm)
алаяқтар iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып
кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және
хабарландыруларды жаппай таратуда.
Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер,
бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі.
Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда танымал
сервистердің, ресми ескертулерін толықтай қайталайды, бұл олардың
шынайы екеніне сенім тудырып, пайдаланушыны әрекет жасауға
итермелейді.
Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылы
өтіп, сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесе
қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.
Сілтемені басқан кезде ықтимал құрбандар түпнұсқа сервистерді
көшіретін фишингтік сайтқа түседі, онда енгізілген логиндер, құпиясөздер
және банк деректері киберқылмыскерлердің қолына түседі.
Осындай жолмен түрлі бұлтты сақтау сервистері (Google Drive, Mail.ru
бұлты, Яндекс Диск және т.б.) туралы хабарламалар жіберілуі мүмкін.
Қауіп-қатердің осы түрі тарала бастағанын ескере отырып, ескере
отырып, мыналар ұсынылады:
- SMS, электрондық пошта және мессенджерлердегі «шұғыл»
хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;
- бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттар
арқылы тексеру;
- бөгде парақшаларда логиндер, құпиясөздер және банк деректерін
енгізбеу;
- барлық бұлттық және пошталық аккаунттарда екі факторлы
аутентификацияны қосу;
- әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі парольдерді пайдалану;
- бұзып кіру күдігі болған жағдайда дереу құпия сөзді ауыстырып,
барлық белсенді сессияларды аяқтау қажет.
Сақ болыңыз: деректердің жойылуы немесе аккаунттың
бұғатталуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистер
арқылы тексеріңіз.

Статистикалық ақпарат
ЕСКЕРТУЛЕР
"Таза Қазақстан"
27 февраля 2026
Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді

Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді

2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жер қатынастары саласындағы үш қызмет цифрлық форматқа көшті. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, енді жердің нысаналы мақсатын өзгерту, жалдау мерзімін ұзарту және жер учаскесін сатып алу қызметтерін онлайн алуға болады.

Цифрлық форматқа көшкен қызметтердің бірі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскесін құрылысқа пайдалану үшін оның нысаналы мақсатын қашықтан өзгертуге болады.

Сондай-ақ жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту қызметі де онлайн қолжетімді. Егер жалдау мерзімі аяқталуға жақындаса, оны ұзарту туралы өтінішті 90 күн бұрын онлайн беруге болады.

Бұдан бөлек, жер учаскесін жеке меншікке сату рәсімі де цифрландырылды. Жерді онлайн түрде біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Бұл меншік құқығын рәсімдеу процесін жеңілдетеді.

Қызметтер «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі, электрондық үкімет порталы және жергілікті атқарушы органдардың жүйелері арқылы көрсетіледі. Бұл негізгі процестерді онлайн форматқа көшіруге және өтініштердің мәртебесін жүйе арқылы бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қызметтерді автоматтандыру «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін дамыту аясында жүзеге асырылды және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытының бір бөлігі болып табылады. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде жер қатынастары саласындағы қызметтерді де кезең-кезеңімен онлайн форматқа көшіріп, азаматтар мен бизнес үшін олардың қолжетімділігін арттыруды жалғастырады.

Статистикалық ақпарат
ЕСКЕРТУЛЕР
"Таза Қазақстан"
27 февраля 2026
Мемлекеттік қызметті жеке менеджер арқылы алу: сервис қалай жұмыс істейді

Мемлекеттік қызметті жеке менеджер арқылы алу: сервис қалай жұмыс істейді

2025 жылы 60 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік қызметтерді жеке менеджер арқылы алуды таңдаған. «Жеке менеджер» қызметі халыққа қызмет көрсету орталықтарында, көшпелі қызмет көрсету форматында да қолжетімді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы.

«Жеке менеджер» қызметі барлық ХҚКО-ларда, оның ішінде мамандандырылған орталықтарда көрсетіледі және басымдықпен қызмет алуға мүмкіндік береді. Қызметті пайдалану үшін тіркеу орнына жүгініп, келісімшарт жасау қажет. Осыдан кейін маман құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде қызмет алушыға жеке көмек көрсетеді.

Қызмет құны халыққа қызмет көрсету орталықтарында – 5 697 теңге, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда – 6 306 теңге.

ХҚКО-ға түрлі себептермен келе алмайтын азаматтар үшін жеке менеджердің көшпелі қызмет көрсету форматы қарастырылған. Маман алдын ала берілген өтінім негізінде келісілген уақыт пен мекенжайға барады. Көшпелі қызмет көрсету құны – 7 447 теңге. Бұл сомаға ұйымдастыру және логистикалық шығындар кіреді.

Айта кетейік, көшпелі формат ХҚКО-ның мемлекеттік қызметтері бойынша ұсынылады. Алайда паспортты, жеке куәлікті, жүргізуші куәлігін рәсімдеу және көлік құралдарын қайта тіркеу қызметтері бұл форматта көрсетілмейді.

Аталған қызмет әсіресе кішкентай баласы бар ата-аналар, жұмыс кестесі тығыз азаматтар және кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие. Дегенмен оны кез келген өтініш беруші өз қалауымен пайдалана алады. Бұл формат қызмет алуды алдын ала жоспарлап, күту уақытын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Жеке менеджердің көшпелі қызметіне өтінім беру үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтындағы «Қызметтер» бөліміне өтіп, «Жеке менеджердің үйіне бару» бөлімін таңдау қажет. Одан кейін «Өтінім қалдыру» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру керек.

Өтінім жіберілген соң көрсетілген телефон нөміріне растау коды бар SMS-хабарлама жолданады. Бір жұмыс күні ішінде оператор өтініш берушімен байланысып, қызмет көрсету уақыты мен өзге де мәліметтерді нақтылайды.

Сонымен қатар, 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы кеңес алып, өтінім қалдыруға болады. Кеңес берілгеннен кейін өтініш берушіге жеке менеджерді үйге шақыру үшін арнайы сілтеме SMS арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік корпорация азаматтардың қажеттіліктерін ескеретін және мемлекетпен өзара байланысты жеңілдететін қызметтерді кезең-кезеңімен енгізуді жалғастырады.

Статистикалық ақпарат
ЕСКЕРТУЛЕР
"Таза Қазақстан"
26 февраля 2026
«ЦОН» мобильді қосымшасы: қазақстандықтар қосымша арқылы қанша қызмет түрін алады

«ЦОН» мобильді қосымшасы: қазақстандықтар қосымша арқылы қанша қызмет түрін алады

Қазақстанда мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіп жатыр. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтер тізілімінде 1448 қызмет бар, оның 1278-і онлайн форматта қолжетімді. Осындай цифрлық арналардың бірі – «ЦОН» мобильді қосымшасы. Онда 18 қызмет іске қосылған, оның ішінде бейнеқоңырау форматында 79 қызмет түрі бар, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы.

Мемлекеттің корпорацияның мәліметінше, 2025 жылы «ЦОН» мобильді қосымшасын 2 миллионнан астам адам жүктесе, 2026 жылдың басынан бері тағы шамамен 370 мың пайдаланушы қосылған. Қосымша арқылы азаматтар уақытын үнемдеп, кезекті алдын ала жоспарлап, QR-талон алып, өтініштерінің мәртебесін және құжаттарының жеткізілуін онлайн қадағалай алады.

Пайдаланушылар ең жиі таңдайтын қызметтердің бірі – электронды талон алу. Қосымша іске қосылған сәттен бері пайдаланушылар 3,5 миллионнан астам электронды талон рәсімдеген. Бұл қызмет азаматтарға бөлімшеде тіркеу рәсімін оңайлатып, қызмет алу процесін ыңғайлы етеді.

Қосымша қашықтан қызмет алу мүмкіндігін де ұсынады. Пайдаланушылар құжаттардың жеткізілуін онлайн бақылай алады, сондай-ақ «Бейне қызметі» арқылы маманмен бейнебайланысқа шығып, бөлімшеге бармай-ақ кеңес алып, қызметті рәсімдей алады.

Көлікке қатысты бірқатар рәсімдер де цифрлық форматқа көшірілген. Қосымшада автокөлікті сатып алу-сату шартын рәсімдеу, көлік тарихын тексеру, мемлекеттік тіркеу нөміріне тапсырыс беру және жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу қызметтері қолжетімді.

Мемлекеттік корпорацияның атап өтуінше, «ЦОН» мобильді қосымшасы халықпен өзара байланыстың негізгі онлайн құралдарының біріне айналды. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында бұл платформа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен қолжетімділікті арттыру бағытында өз жұмысын жалғастырады.

Статистикалық ақпарат
ЕСКЕРТУЛЕР
"Таза Қазақстан"
12 февраля 2026
Астанада ХҚКО-да цифрлық сауаттылыққа арналған тегін оқыту жүріп жатыр

Астанада ХҚКО-да цифрлық сауаттылыққа арналған тегін оқыту жүріп жатыр

Астанадағы ХҚКО тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар, цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған оқыту алаңы ретінде жұмыс істей бастады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Астанада азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн рәсімдеуді үйрететін және цифрлық қызметтерді қолдану қабілетін дамытуға бағытталған тегін офлайн оқытуды іске қосты.  

Оқыту Мемлекеттік корпорацияның «Таным» оқу орталығы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның қатысуымен ұйымдастырылды және практикалық форматта өтеді. Мамандар азаматтарға «Электрондық үкімет» порталы мен мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының біріңғай платформасын,  «ЦОН» және «eGov Mobile» қосымшаларын қалай қолдану керегін көрсетіп, қажетті қызметтерді онлайн алу жолдарын үйретеді. Оқыту бағдарламасы азаматтар тарапынан жиі түсетін сұрақтар мен сұраныстарға сәйкес әзірленеді.

Бұл бастама Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген цифрландыру бастамалары аясында жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, оқыту халыққа қызмет көрсетудің жаңа форматы – «Цифрлық халық кеңсесі» үлгісін енгізуге бағытталған. «Apple Store» үлгісіндегі бұл формат азаматтарға қызметтерді жылдам алуға және оларды онлайн түрде өз бетінше рәсімдеуді меңгеруге көмектеседі.

Айта кетейік, жоба әзірге пилоттық форматта жұмыс істейді: бірінші тоқсанда оқыту Астанада өтсе, екінші тоқсанда бұл тәжірибені өңірлерге кеңейту жоспарланған.

Оқыту тегін әрі тұрақты түрде өткізіледі. Іс-шара әр сәрсенбі және жұма күндері Астана қаласындағы ХҚКО-ның «Нұра» ауданы бөлімінде (Керей мен Жәнібек хандар көшесі, 4) сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өтеді. Кіру тегін.

 

Статистикалық ақпарат
ЕСКЕРТУЛЕР
"Таза Қазақстан"
06 февраля 2026
 «ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

 «ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа цифрлық қызмет іске қосылғанын хабарлады. Енді қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді онлайн таңдап, тапсырыс бере алады.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түрлері кеңейді. Азаматтардың "әдемі" нөмірлерге деген қызығушылығының артуына және көлік тіркеу барысында нөмірлік белгіні таңдауға деген қажеттіліктердің туындауына байланысты бұл тізімде "қалаулы" нөмірлер немесе бірінші және соңғы сандары бірдей "айна" нөмірлер де бар.

Осыған байланысты қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында автокөлік нөмірлерін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қашықтан таңдау және тапсырыс беру мүмкіндігі іске асырылды. Жаңа цифрлық қызмет МХҚКО-ларға жеке бармай-ақ, мемлекеттік нөмірге онлайн өтінім беру мүмкіндігін ұсынады.

Өтінімді рәсімдеу толықтай онлайн форматта жүзеге асырылады және бірнеше минутты ғана алады. Қолданушы «ЦОН» мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік нөмірге тапсырыс беру» қызметін таңдайды. Одан кейін қалаған сериясы мен нөмір комбинациясын енгізеді. Өңір автоматты түрде азаматтың тіркелген мекенжайына сәйкес анықталады.

Нөмірлік белгі бос болған жағдайда өтінім беруші төлем жасап, дайын нөмірлік белгіні алу үшін ыңғайлы бөлімшені таңдай алады. Таңдалған нөмір бос емес болса, жүйе бұл туралы хабарлап, басқа нұсқаны енгізуді ұсынады.

Қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Бұл таңдалған мемлекеттік нөмірдің бос немесе бос еместігін бірден тексеруге мүмкіндік береді. Жүйе енгізілген нөмір комбинациясының мәртебесін автоматты түрде көрсетеді.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін онлайн тапсырыс беру қызметінің іске қосылуы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі жоспарлы жұмыстың бір бөлігі болып табылады және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін, ашықтығын және тиімділігін арттыруға бағытталған. 

Статистикалық ақпарат
ЕСКЕРТУЛЕР
"Таза Қазақстан"
03 февраля 2026
Мемлекеттік қызметтердегі цифрлық серпіліс: бір жылда өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы 15 млн-ға жуық қызмет көрсетілді

Мемлекеттік қызметтердегі цифрлық серпіліс: бір жылда өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы 15 млн-ға жуық қызмет көрсетілді

2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта өз бетінше алу мүмкіндігін белсенді пайдаланған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағындағы өтініштер саны бір жыл ішінде 6,6 млн-нан астамға өсіп, шамамен 14,8 млн-ға жеткен. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 8,2 млн болған.

Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы көрсетілген қызметтер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – мұнда бір жыл ішінде 2,3 млн-нан астам қызмет көрсетілген. Одан кейін тізімде Алматы облысы (1 млн-нан астам) және Түркістан облысы (шамамен 1 млн) орналасқан.

Аталған аймақта ең көп сұранысқа ие болған келесі бес қызмет: электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу, архивтік анықтамалар рәсімдеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама алу.

«Біздің қызметіміздің негізгі мақсаты – азаматтарға барынша ыңғайлы әрі қолжетімді жағдай жасау. Әр адам мемлекеттік қызметті өзіне қолайлы тәсілмен алуы тиіс: біреулер мобильді қосымшалар мен электрондық үкімет порталын таңдаса, өзгелері банк қосымшаларын немесе ХҚКО-ға жүгінуді жөн көреді. Біз үшін ең бастысы – қызмет алушылардың жайлылығы мен қанағаттану деңгейі», – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, 2025 жылы ХҚКО операторлары арқылы 13 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 15 млн-нан асқан. Фронт-офистер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер көлемі бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалалары көшбасшы болып қала береді.

Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, еліміз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 95 пайыздан асады.

Статистикалық ақпарат
ЕСКЕРТУЛЕР
"Таза Қазақстан"
29 декабря 2025
Астанада ХҚКО филиалдарының директорлары мен жүйе ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті

                                 

  Баспасөз хабарламасы

 

Астанада ХҚКО филиалдарының директорлары мен жүйе ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті

Астана қаласында еліміздің барлық өңірлерінен келген Халыққа қызмет көрсету орталықтары филиалдарының директорларының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара мемлекеттік қызметтер жүйесіндегі атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, сала өкілдерінің еңбегін бағалауға арналды.

 

Салтанатты рәсім барысында ХҚКО филиалдарының директорлары жоғары кәсібилігі, тиімді басқаруы және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Сонымен қатар, ХҚКО жүйесінің ардагерлері де назардан тыс қалмады. Жүйенің қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған ардагер қызметкерлердің көпжылдық адал еңбегі мен мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын енгізуге қосқан үлесі жоғары бағаланды.Аталған іс-шара мемлекеттік қызметтер саласында еңбек етіп жүрген барлық мамандарға құрмет көрсетудің және тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.

Статистикалық ақпарат
ЕСКЕРТУЛЕР
"Таза Қазақстан"
17 декабря 2025
Мобильді «ЦОН» қосымшасында мамандандырылған ХҚКО-дан қызмет алу үшін сенімхат рәсімдеуге арналған жаңа сервис іске қосылды

Мобильді «ЦОН» қосымшасында мамандандырылған ХҚКО-дан қызмет алу үшін сенімхат рәсімдеуге арналған жаңа сервис іске қосылды

 

Мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуын дамыту және азаматтар үшін қолжетімділігін арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына «Сенімхат рәсімдеу» жаңа цифрлық сервисін енгізді.

Аталған сервис мамандандырылған ХҚКО-ларда мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сенімхаттарды азаматтарға онлайн форматта рәсімдеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, дайын құжаттарды алу, көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару, көлік құралының техникалық паспорты мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ауыстыру немесе олардың телнұсқасын алу қызметтері. Қызмет көрсету үдерісі толықтай онлайн жүзеге асырылады және бар болғаны бірнеше минутты алады. Сенімхат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады, бұл құжаттың заңды күшін қамтамасыз етіп, дербес деректердің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді.

«Бұл сервистің іске қосылуы мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесін дамытудағы маңызды қадам болды. Азаматтар үшін қажетті құжаттарды алу процесін жылдам, қауіпсіз әрі ыңғайлы етіп, алаяқтық әрекеттер мен үшінші тұлғалардың араласу қаупін төмендетеді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Электронды сенімхатты қолдану үшінші тұлғаларға құжаттарды беру қажеттілігін жояды және заңсыз әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен тікелей өзара байланыс деректердің дұрыстығын, өзектілігін және автоматты түрде тексерілуін қамтамасыз етеді.

         Сервисті пайдалану үшін «ЦОН» мобильді қосымшасында ЖСН және телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет. Қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді.

Қызмет құны – бір сенімхатты рәсімдеу үшін 500 теңге.

Аталған цифрлық сервистің енгізілуі Қазақстан Республикасы азаматтары үшін мемлекеттік қызметтердің қолайлылығы мен қауіпсіздігін одан әрі арттырады.

Статистикалық ақпарат
ЕСКЕРТУЛЕР
"Таза Қазақстан"
15 декабря 2025
16 желтоқсан ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді  

16 желтоқсан ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

 

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне байланысты 2025 жылдың 16 желтоқсанында, сейсенбі күні, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлайды.

Еске сала кетейік, жұмыс күндері ХҚКО-лар, сондай-ақ мамандандырылған орталықтар, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, ал дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Ал сенбі күні өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.

Мемлекеттік корпорация барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтайды және мықты денсаулық пен табыс тілейді!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы