|
№ р/с |
Құрылымдық элементі |
Бұрынғы редакция |
Жаңа редакция |
Енгізілетін өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың негіздемесі |
|
1 |
2-тармақтын 1) тармақшасы |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; |
Редакциялық түзету |
|
2 |
6-тармақтын 9) тармақшасы |
«9) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне, табыстарын есепке алмай, біржолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде» |
«9) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне, табыстарын есепке алмай, біржолғы, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»
|
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және 2024 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысының Хаттамасы Атырау қ. 2024 жылғы 7 сәуір |