Қамысты ауданы әкімдігінің Клочков ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы және 2024 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы
ЕСЕБІ
«Қамысты ауданы әкімдігінің Клочков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: заңды және пошталық мекенжайы: 110808, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Клочково ауылы, Титов көшесі, 1; электрондық пошта мекенжайы: 29639@mail.ru, 29639@mail.kz; Байланыс телефондары 8 (714) 37-29639, 8 (714) 37 - 29859.
«Қамысты ауданы әкімдігінің Клочков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады. Мемлекеттік мекемесі құрылтайшысы Қамысты ауданы әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік мекеме ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдық – құқықтық, материалдық – техникалық қамтамасыз етуде мемлекеттік функцияларды жүзеге асырады және мемлекеттік саясатты іске асырады, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешеді.
Қамысты ауданы әкімдігінің Клочков ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі төменде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
4) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
5) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
6) Сауда-саттықты (аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
7) Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;
8) Жер учаскесін алуға кезекке қою;
9) Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту;
10) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
11) Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
2023 жылы 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді (14 «ЭПК – forfait» ЖШС заңды тұлғасына, 1 мемлекеттік қызмет заңды тұлғасына «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына және 1 жеке тұлғаға Б. П. Князевке), 2023 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттік қызмет жоқ.
Мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттеріне сәйкес көрсетіледі.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында және регламентінде айқындалады.
Мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттеріне сәйкес көрсетіледі.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында және регламентінде айқындалады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық стенд ресімделді.
Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі уақтылы және сапалы қызмет көрсету, қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады.
Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі тарапынан үйлестіру және жалпы әдістемелік басшылық, ай сайынғы мониторинг және бақылау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жоғары тұрған органдармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді.
Бұл ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қызмет тұтынушыларына өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы білуге және ұсынылған қызметтің сапасын бағалауға, кемшіліктерді жоюға және Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қолданыстағы заңнамада көзделмеген өзге де құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу жоқ, көрсетілген кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету процесіне, сапасына және қолжетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізіледі.