«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады.
«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр.
AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады.
Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады.
Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар.
Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді.
Бүгінде 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша дайын құжаттарға тапсырыс беруге болады. Олардың қатарында мұрағаттық анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді қалпына келтіру және куәліктерді қайта беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою қызметтері бар.
Құжаттарды жеткізу сервисіне тапсырысты мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде беруге болады. Сервис ақылы негізде көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғни Астана, Алматы және Шымкентте қызмет құны 2 061 теңгені, ал басқа өңірлерде 1 036 теңгені құрайды.
Құжат дайын болған кезде қызмет алушының телефон нөміріне 1414 нөмірінен бірегей растау коды көрсетілген SMS-хабарлама келеді. Қауіпсіздік мақсатында кодты курьерге құжатты алған сәтте хабарлау қажет. Код дайын құжаттың тікелей өтініш берушінің өзіне табысталғанын растау үшін қолданылады. Сонымен қатар құжатты алу кезінде жеке куәлікті көрсету қажет.
Мемлекеттік корпорация үшін цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызметтерді азаматтарға барынша қолайлы форматта ұсыну негізгі бағыттардың бірі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың уақытын үнемдеуге, қызмет алу үдерісін жеңілдетуге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи шешімдерді одан әрі енгізуді жалғастырады.
Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды
Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға бағытталған жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады. Заманауи орталық азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
Салтанатты ашылу рәсіміне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысты.
Цифрлық ХҚКО мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға және цифрлық дағдыларды дамытуға арналған заманауи кеңістік. Smart Point концепциясы мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, яғни азаматтар тек қызмет алып қана қоймай, мемлекеттік цифрлық сервистерді өз бетінше пайдаланып, қажеттілігіне қарай мамандардан кеңес ала алады.
«Түркістандағы Smart Point орталығының ашылуы - жаңа форматтағы ХҚКО-ның іске қосылуы ғана емес, мемлекеттік қызметтерді өздігінен алу мәдениетін қалыптастыруға бағдарланған маңызды қадам. Бүгінде біздің мақсатымыз - азаматтарға сапалы қызмет көрсетумен қатар, мемлекеттік цифрлық мүмкіндіктерді сенімді пайдалануға көмектесу. Smart Point өңір тұрғындары үшін сұранысқа ие болатын алаңға айналады деп сенемін», - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа көрсетілетін қызметтерді барынша жеңілдетуді және цифрландыруды тапсырып, атқарылған жұмыстарды бақылауында ұстап келеді. Бұл бағытта облысымыз жемісті еңбек етуде. Бүгінгі ашылып отырған заманауи кеңсе — соның нақты дәлелі. Облыс әкімдігі мен Мемлекеттік корпорация арасындағы тиімді ынтымақтастықтың нәтижесінде халық сұранысына сай келетін заманауи сервистік хаб құрылған», - деп атап өтті Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков.
Smart Point цифрлық ХҚКО бірнеше функционалдық аймақтан тұрады. Экспресс-аймақта азаматтар құжаттандыру терминалы арқылы жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өздігінен рәсімдей алады, сондай-ақ арнайы ақпараттық экрандар арқылы AlemGPT сервисінің мүмкіндіктерімен танысады. Цифрлық аймақ мемлекеттік қызметтерді өздігінен алу және құжаттармен онлайн форматта жұмыс істеу үшін моноблоктармен және жоғары жылдамдықты сканерлермен жабдықталған. Сараптамалық аймақта келушілер күрделі мәселелер бойынша мамандардың кеңесін ала алады. Сонымен қатар цифрлық сауаттылықты арттыруға және жаңа электрондық сервистерді меңгеруге арналған оқыту және ақпараттандыру аймақтары қарастырылған. Ал жайлы демалыс аймағында келушілер үшін қолайлы жағдай жасалған.
Жоба Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, өңір тұрғындары үшін заманауи сервистік инфрақұрылымды дамыту мен қолайлы цифрлық ортаны қалыптастыру жолындағы кезекті маңызды қадам болды.
Айта кетейік, Smart Point цифрлық ХҚКО форматын алғаш болып енгізген өңір – Ұлытау облысы. Орталық 2026 жылғы 4 маусымда ашылды.
Құрметті ата-аналар!
Жаз мезгілінде балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер.
Кішкентай балаларды ашық терезелердің жанында қараусыз қалдырмаңыздар. Блокираторлар мен мықты бекітілген москит торларын орнатыңыздар.
Судағы қауіпсіздік ережелерін балаларға еске салып отырыңыздар. Шомылу тек ересектердің бақылауымен және рұқсат етілген жерлерде ғана жүзеге асырылады.
Жол қозғалысы ережелерін және серуендеу мен ойындар кезіндегі сақтық шараларын түсіндіріңіздер.
Кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнде көшеде жүруге жол бермеңіздер.
Балаларды аялаңыздар. Олардың өмірі мен қауіпсіздігі біздің назарымыз бен қамқорлығымызға байланысты.
Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия.
Қамысты ауылдық округі әкімдігінің әкімшілік ғимаратында құқық кабинеті жұмыс істейді.
Құқық кабинетінің негізгі мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсету және кеңес беру. Кабинетте округ тұрғындары қолданыстағы заңнама бойынша түсіндірмелер алып, әлеуметтік, жер, еңбек және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кеңес ала алады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға жолданатын өтініштер мен арыздарды рәсімдеуге көмек көрсетіледі.
Құқық кабинетінің жұмысы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға және тұрғындарға құқықтық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қамысты ауылдық округінің тұрғындарын қажетті кеңес алу үшін құқық кабинетіне жүгінуге шақырамыз.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді
болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған
интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша
(https://www.theguardian.com/money/2026/apr/12/apple-icloud-storage-scam-emails,
https://lenta.ru/news/2026/04/13/apple-scam/, https://www.obozrevatel.com/ekonomikaglavnaya/economy/moshenniki-atakuyut-vladeltsev-iphone-kak-dejstvuet-novaya-shema.htm)
алаяқтар iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып
кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және
хабарландыруларды жаппай таратуда.
Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер,
бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі.
Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда танымал
сервистердің, ресми ескертулерін толықтай қайталайды, бұл олардың
шынайы екеніне сенім тудырып, пайдаланушыны әрекет жасауға
итермелейді.
Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылы
өтіп, сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесе
қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.
Сілтемені басқан кезде ықтимал құрбандар түпнұсқа сервистерді
көшіретін фишингтік сайтқа түседі, онда енгізілген логиндер, құпиясөздер
және банк деректері киберқылмыскерлердің қолына түседі.
Осындай жолмен түрлі бұлтты сақтау сервистері (Google Drive, Mail.ru
бұлты, Яндекс Диск және т.б.) туралы хабарламалар жіберілуі мүмкін.
Қауіп-қатердің осы түрі тарала бастағанын ескере отырып, ескере
отырып, мыналар ұсынылады:
- SMS, электрондық пошта және мессенджерлердегі «шұғыл»
хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;
- бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттар
арқылы тексеру;
- бөгде парақшаларда логиндер, құпиясөздер және банк деректерін
енгізбеу;
- барлық бұлттық және пошталық аккаунттарда екі факторлы
аутентификацияны қосу;
- әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі парольдерді пайдалану;
- бұзып кіру күдігі болған жағдайда дереу құпия сөзді ауыстырып,
барлық белсенді сессияларды аяқтау қажет.
Сақ болыңыз: деректердің жойылуы немесе аккаунттың
бұғатталуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистер
арқылы тексеріңіз.
Баспасөз хабарламасы
«Миллиондық жеткізілім»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік
тәуекелдерін болжау орталығы жаңа алаяқтық толқын туралы ескертеді.
Шетелдік
дереккөздердің
ақпараты
бойынша
(https://www.theguardian.com/money/2026/mar/01/cleaning-superstore-the-missed-delivery
text-scam-whatsapp,
https://dzen.ru/a/aa5EsIuKNzrADYS3)
зиянкестер
жаппай
мессенджерлер мен SMS арқылы «жіберіп алған жеткізілім» туралы жалған
хабарламалар жібереді.
Бір қарағанда мұндай хабарламалар зиянсыз көрінеді және курьерлік
қызметтердің стандартты хабарламаларын еске салады. Мәтінде курьердің
сәлемдемені тапсыра алмағаны және жеткізілімді қайта ресімдеу үшін
арнайы параққа көшуді ұсынатыны көрсетіледі.
Алайда, көрсетілген мекенжай логистикалық компаниялардың ресми
ресурстарын толығымен еліктейтін жалған сайтқа апарады.
Пайдаланушыға жеке мәліметтерін - Т.А.Ә., ЖСН, тұрғылықты
мекенжайын көрсету, сондай-ақ жеткізілімді қайта жеткізу үшін аз соманы
төлеу ұсынылады.
Тиісті ақпаратты енгізгеннен және төлем төлегеннен кейін
қылмыскерлер құпия деректер мен банк деректемелеріне қол жеткізеді, бұл
қаржылық шығындарға ғана емес, сондай-ақ Сіздің дербес деректеріңізді
қылмыстық схемаларда әрі қарай пайдалануға да әкелуі мүмкін.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым, бірақ маңызды
сақтық шараларын сақтау қажет: - егер Сіз жеткізілімді күтпейтін болсаңыз, мессенджер және SMS
хабарлардан сілтемелер арқылы өтпеу; - сайт мекенжайын мұқият тексеру - алаяқтық ресурстар көбінесе бір
немесе екі әріппен, белгілермен ерекшеленеді; - күдікті ресурстарға құпия және банктік ақпаратты енгізбеу; - жеткізілімнің мәртебесін курьерлік қызметтердің, логистикалық
компаниялардың ресми сайттары мен қосымшалары арқылы ғана тексеру; - күдікті хабарламаларды алған кезде оларды елемеу және бұғаттау.
Аферистер азаматтардың сенімділігін және жеткізілім туралы
хабарламаларға жылдам жауап беру әдетін белсенді пайдаланады. Сондықтан
да мұндай схемалар шапшаң таралып, әркімге әсер етуі мүмкін.
Цифрлық ортадағы сақтық - қаржылық ысыраптардан және
дербес деректердің жария болуынан ең жақсы қорғау.