КР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Агроөнеркәсіптік кешеніндегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС-мен бірге ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналган «Төрт түлік» мобильді қосымшасын әзірледі, бұл қосымша ауыл шаруашылығы жануарларының әрбір иесіне келесідей мүмкіндіктерді береді: ✓ ауыл шаруашылығы жануары иесінің ЖСН/БСН бойынша, құпия сөзді колдана отырып немесе Мобильді азаматтар базасы арқылы растау смс-кодын пайдалану аркылы авторизациядан өту;
кажет болған жағдайда жануарлар туралы барлық мәліметтерді көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарын алдын ала тіркеуді жүргізу;
И сатып алу-сату рәсімін онлайн түрде жүзеге асыру;
✓ а/ш жануарды жеке тұтыну үшін союға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесінен тіркеуден шығару;
✓ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) жоғалған немесе зақымданған жағдайда ауыстыруды жүзеге асыру
✓ ветеринариялық паспорт беру және жануарлар мен жануарлардың иелері туралы мәліметтерді АШЖБ-да түзету бойынша мемлекеттік қызметтерді алу.
Сонымен катар, мобильді қосымшада а/ш жануарларының иесі үшін оның ЖСН/ БСН-де тіркелген жануарлардың тізімі қолжетімді, бұл АШЖБ АЖ-де дәйексіз деректер болған жағдайда, а/ш жануарлары иелері тарапынан қоғамдык бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, профильді орнату және хабарлама алу үшін интерфейс қолжетімді.
- Мобильді қосымшаның екі модулі бар. Атап айтқанда: