GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Все материалы
24 апреля 2026
Баспасөз релизі «Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»
Баспасөз релизі
«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://www.theguardian.com/money/2026/apr/12/apple-icloud-storage-scam-emails, https://lenta.ru/news/2026/04/13/apple-scam/, https://www.obozrevatel.com/ekonomika- glavnaya/economy/moshenniki-atakuyut-vladeltsev-iphone-kak-dejstvuet-novaya-shema.htm)
SMS
     алаяқтар iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып
  кеткені туралы жалған электрондық хаттар,
-хабарламалар және
 хабарландыруларды жаппай таратуда.
 Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер,
 бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі.
Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда танымал
 сервистердің, ресми ескертулерін толықтай қайталайды, бұл олардың шынайы екеніне сенім тудырып, пайдаланушыны әрекет жасауға итермелейді.
Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылы өтіп, сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесе қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.
 Сілтемені басқан кезде ықтимал құрбандар түпнұсқа сервистерді көшіретін фишингтік сайтқа түседі, онда енгізілген логиндер, құпиясөздер
 және банк деректері киберқылмыскерлердің қолына түседі.
 Осындай жолмен түрлі бұлтты сақтау сервистері (Google Drive, Mail.ru бұлты, Яндекс Диск және т.б.) туралы хабарламалар жіберілуі мүмкін.
Қауіп-қатердің осы түрі тарала бастағанын ескере отырып, ескере отырып, мыналар ұсынылады:
- SMS, электрондық пошта және мессенджерлердегі «шұғыл» хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;
- бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттар арқылы тексеру;
- бөгде парақшаларда логиндер, құпиясөздер және банк деректерін енгізбеу;
- барлық бұлттық және пошталық аккаунттарда екі факторлы аутентификацияны қосу;
- әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі парольдерді пайдалану;
- бұзып кіру күдігі болған жағдайда дереу құпия сөзді ауыстырып, барлық белсенді сессияларды аяқтау қажет.
Сақ болыңыз: деректердің жойылуы немесе аккаунттың бұғатталуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистер арқылы тексеріңіз.
01 декабря 2025
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 19-2-бабы 2-тармағына сәйкес, автомобиль жолдарының жобалық шешiмдерi қосылатын жолдар мен қиылысатын жолдардың қауiпсiз орналасуын қамтамасыз етуге тиiс

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 19-2-бабы 2-тармағына сәйкес, автомобиль жолдарының жобалық шешiмдерi қосылатын жолдар мен қиылысатын жолдардың қауiпсiз орналасуын қамтамасыз етуге тиiс.

Сондай-ақ, ауыр жол-көлік оқиғаларының едәуір бөлігі қалалараралық такси ретінде пайдаланылатын, оң жақты рульмен басқарылатын минивэндерде орын алуда, бұл техникалық талаптарға сәйкес келмейді.

Медициналық көрсетілімдерге сәйкес көлік құралын басқаруға болмайтын жүргізушілердің қатысуымен орын алған ЖКО фактілері бар. Абай облысының Үржар ауданында эпилепсия дерті бар жүргізуші ұстама салдарынан 6 баланы қағып, 4-і қаза тауып, 2-і жарақат алды.

Мұндай құқықбұзушылықтарға дереу құқықтық шара қолданылуы тиіс. Мемлекеттік басқару органдары өз бағыттары мен нысаналы топтары бойынша, білім беру және құқық қорғау мекемелерінің ғылыми әлеуетін қоса отырып, нақтыланған ұсыныстар енгізеді.

Қайталанатын бұзушылықтарды жүйелі түрде алдын алу үшін отырысқа қатысушылар цифрлық тіркеуге негізделген жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарын баллдық есепке алуды енгізуді ұсынды. Бұл тәртіпті жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді уақытылы анықтауға және оларды көлік жүргізуден шеттетуге мүмкіндік береді. Баллдың шекті деңгейіне жеткен жүргізушілер емтихандарды қайта тапсыруға жіберіліп, бұл дайындық сапасы мен жолдағы тәртіпті арттырады.

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жолдағы тәртіпті арттыруға және апаттылықты төмендетуге бағытталған іс-шаралар тізбесі кеңейтілуде. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидатына ерекше назар аударылады.

Жауапты мемлекеттік органдар аталған салалардағы бақылау және қадағалау функцияларын күшейтіп қана қоймай, жолдарда өлім мен жарақаттануды болдырмау үшін заң талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде халыққа кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

01 декабря 2025
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен орталық, жергілікті және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыстылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс ашылуында Бас Прокурор апаттылықты төмендету шаралары «Заң мен Тәртіп» идеологиясына сай келетінін атап өтті. Басты міндет – заңның үстемдігін нығайту және жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру. Қоғамда жүргізу мәдениетін дамыту және құқықбұзушылыққа төзімсіздік қалыптастыру қажет.

Б. Асылов Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілігіне назар аударғанын атап өтті.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау.

Талдау көрсеткендей, апатқа кінәлі жүргізушілердің 81%-ы бұған дейін де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған, бұл қайталану деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді. Мәселен, ШҚО-да бір жүргізуші бір жыл ішінде 32 рет ереже бұзып, оның 13-і – жылдамдықты арттыру фактілері. 8 қаңтарда қарсы жолаққа шығып, салдарынан өзі және екі жолаушысы қаза тапты. Мұндай жағдайлар жыл сайын қайталанады.

Тағы бір жағдайда жүргізуші соңғы екі жылда 72 рет жол қозғалысы ережесін бұзған, оның ішінде 2025 жылы жылдамдықты арттырғаны үшін 30 рет жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 30 тамызында Алматы қаласында жаяу жүргіншіні қағып, оның өліміне әкелген.

Бас Прокурор жүргізуші куәліктерін беру процесін бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және рәсімнің ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін де атап өтті. Жүргізуші куәлігін заңсыз алу жағдайлары қоғам үшін қауіп төндіретін фактор ретінде қаралады.

Бұдан бөлек, қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін негізгі факторлардың бірі – автомобиль жолдарында белгіленген нормаларға сәйкес келмейтін рұқсатсыз шығу жолдарын, қиылыстар мен қосылуларды салу. Ірі трассаларға қосылулардың ең аз саны жөніндегі талаптар сақталмайды.

Мысалы, «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында жобалық түрде 48 қосылу көзделген, оның 28-і – рұқсат етілген арақашықтықты бұза отырып орналастырылған. Ақмола облысының Қоянды және Бірлік-Бек ауылдары маңындағы ұзындығы 7 км учаскеде жергілікті тұрғындар өз бетімен салған 17 заңсыз қосылу бар. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

01 декабря 2025
Қырғызстан делегациясы Қазақстанның жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы цифрлық шешімдерімен танысты

 

Қырғызстан делегациясы Қазақстанның жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы цифрлық шешімдерімен танысты

Қырғыз Республикасының делегациясы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына келіп, Қазақстанның жылжымайтын мүлікті тіркеу және жер кадастры саласындағы цифрлық қызметтерді енгізу тәжірибесімен танысты.

Сапар барысында қырғыз делегациясына тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, үдерістердің жылдамдығын арттыруға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған негізгі цифрлық шешімдер таныстырылды.

Делегация мүшелері жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, оның ішінде кепілдер мен мәмілелерді «Blockchain» технологиясының негізінде ресімдеу үдерісімен танысты. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікке қатысты сатып алу-сату, кепіл қою және жалға алу шарттарын тіркеуді қамтитын кешенді цифрлық сервистің жұмысы көрсетілді. Сервис іске қосылған уақыттан бері 250 мыңнан астам қызмет көрсетілген.

«Қазақстан цифрландыру бағытында өз позициясын жүйелі түрде нығайтып келеді. Бүгінде еліміз электрондық қызметтердің даму деңгейі бойынша жоғарғы көрсеткіштерге ие. Бұл – жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін айқындайды. Сонымен бірге қазақстандық цифрлық шешімдерге деген қызығушылық артып келеді: түрлі елдерден келген әріптестер біздің технологиялар мен тәжірибемізді зерделеуге мүдделі. Мұндай кездесулер өзара тәжірибе алмасуға және азаматтардың өмір сапасын жақсартатын заманауи тәсілдерді бірге дамытуға мүмкіндік береді», - деді Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.

Талқылауға сондай-ақ Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтан зондтау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестің жұмыс тобының мүшелері онлайн форматта қатысты. Кеңес құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Делегация өкілдері «ЦОН» мобильді қосымшасының мүмкіндіктерімен, Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен және Ахуалдық орталық қызметімен де танысты.

Сапар барысында қонақтар жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы ауқымды цифрлық трансформацияның ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық компоненттерін жан-жақты зерделеді. Қазақстанның тәжірибесі қазіргі цифрлық шешімдердің тиімділігін көрсетіп, Қырғыз Республикасында осындай бастамаларды енгізуге бағыт-бағдар бола алады.

23 октября 2025
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алғаш рет алу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болғанын хабарлайды.   

Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді.

Өтініш жіберілгеннен кейін азамат өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазыла алады. Осылайша, мемлекеттік баж төлемі емтихандарды сәтті тапсырған соң мамандандырылған ХҚКО бөлімінде төленеді. Бұл тәсіл рәсімдеу процесін оңтайландырып, азаматтар үшін анағұрлым қолайлы жағдай жасайды.

Пилоттық жоба Ішкі істер министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы аясында жүзеге асып жатыр. Құжат жүргізуші куәліктерін беру тәртібін жаңартып, цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта жаңа қызмет еліміздің барлық өңірінде қолжетімді. Пилоттық жобаның мерзімі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін белгіленген. Осы кезеңде қызметтің тиімділігі мен қолайлылығы бағаланып, талдау нәтижесінде жаңа тәртіпті тұрақты түрде енгізу мәселесі қаралады.

Жаңа рәсімдеу форматы жүргізуші куәлігін алғаш рет алатындар үшін бұл процесті бұрынғыдан да жеңіл, ыңғайлы және қолжетімді етті.

Сонымен қатар, «ЦОН» мобильді қосымшасы болашақ жүргізушілерге қосымша мүмкіндіктер ұсынады: қолданушылар теориялық және практикалық емтихандарға, сондай-ақ сынақ емтиханына жазыла алады. Бұдан бөлек, қосымшада көлік сатып алу-сату шартын рәсімдеу, автокөлік тарихын тексеру және өзге де электрондық қызметтерді пайдалану сияқты пайдалы функциялар қамтылған.

28 июля 2025
«Blockchain» технологиясы Мемлекеттік қызмет көрсету жылдамдығын қалай арттырады

«Blockchain» технологиясы Мемлекеттік қызмет көрсету жылдамдығын қалай арттырады

 

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы серіктес банктермен бірлесіп «Blockchain» технологиясы арқылы заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлік кепіліне тіркеу сервисін іске қосты.

Бұл сервис Мемлекеттік корпорация мен екінші деңгейлі банктер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясындағы жобалардың жалғасы.

Заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлкін кепілге қойып, онлайн рәсімдеу арқылы несие беруді жеңілдету сынды банк саласындағы «Blockchain» технологиясының мүмкіндіктерінің арқасында мәмілелерді тіркеуге жұмсалатын уақыт бірнеше есе қысқарады. Нәтижесінде, құжат жинау қажеттілігі мен қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің бетпе-бет кездесу талабының жойылуының арқасында кепілді тіркеу мерзімі 3 күннен 1 сағатқа қысқарады.

Жалпы Мемлекеттік корпорация мен екінші деңгейлі банктер арасындағы ынтымақтастық аясында жеке тұлғаларға кепіл түріндегі ауыртпалықтарды тіркеу және оны тоқтату, әлеуметтік әлсіз топтарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша жалдау шартын жасау, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату және беру шарттарын рәсімдеу секілді қызметтер көрсетіледі.

2024 жылы «Blockchain» технологиясы арқылы қарыз шарты бойынша талап ету құқығын беру, шарт талаптарының өзгеруіне байланысты ауыртпалықтарды өзгерту, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайларды кепілге қою шартын тіркеу қызметтері де іске қосылды.

Бүгінгі күнге дейін «Blockchain» технологиясы арқылы 360 мыңнан астам өтінім қарастырылды. Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды тіркеу 2024 жылы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты, яғни 87,8 мың операциядан 131,7 мыңға дейін өсті.

Жаңа технологияны пайдалану бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстары жоғары белсенділік танытты.

Жаңа сервис «Blockchain» технологиясын қолдану арқылы көрсетілетін қызметтер қатарын кеңейтіп, банктер тарапынан түсетін шарттардың барлық ауқымын жылжымайтын мүлікті (ауыртпалық құқықтарын) электронды тіркеуге аудару.

12 декабря 2024
ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО-ның мереке күндеріндегі жұмыс кестесі

ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО-ның мереке

күндеріндегі жұмыс кестесі

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 16 желтоқсан жұмыс істемейтінін хабарлайды. Бұл ретте, 14 желтоқсан, кезекші орталықтар үшін жұмыс күні болып саналады. Қызметтерді 9.00-ден 13.00-ге дейін алуға болады.

           17 желтоқсан, яғни сейсенбі ХҚКО мен МХҚКО азаматтарды әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қабылдайды.

            Еске салайық, орталықтар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші мамандандырылған ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды, ал дайын құжаттарды 20.00-ге дейін алуға болады. Сенбі күні мамандандырылған ХҚКО 13.00-ге дейін жұмыс істейді. 

            Халыққа қызмету көрсетететін кезекші орталықтардың мекенжайларымен Instagram-дағы ресми парақшадан білуге болады.

21 августа 2024
Қостанай облысының Өңірлік кадр резервіне іріктеудің төртінші кезеңі – «Кадр комиссиясындағы құрылымдық сұхбат» өтті.

Қостанай облысының кадрлық резервіне үміткерлермен сұхбат: комиссия жобаларды зерделеді

Қостанай облысының Өңірлік кадр резервіне іріктеудің төртінші кезеңі – «Кадр комиссиясындағы құрылымдық сұхбат» өтті.

Жобаның негізгі мақсаты – дарынды жастарды өңірлерді дамытуға тарту және жас басқарушылар пулын қалыптастыру.

Жоба порталда іске қосылған сәттен бастап onir.pkrezerv.gov.kz Қостанай облысы бойынша 491 адам тіркелді, оның ішінде 323 қатысушы келесі кезеңдерге жіберілді.

147 үміткер заңнаманы білуге тестілеуден сәтті өтті, оның ішінде 62 үміткер – жеке қасиеттерін бағалау. 59 үміткер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының базасында өткен «Құзыреттерді бағалау» кезеңінен өтті. Төртінші кезеңге 54 үміткер жіберілді.

Құрылымдық сұхбат барысында 48 үміткер таңдалған салалық бағытқа сәйкес жобаларды ұсынды. Үміткерлер өздері ұсынған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін және іске асырудағы ықтимал проблемалар мен күтілетін нәтижелерді ашты.

Комиссия үміткерлерді 3 критерий бойынша бағалады: аналитика; білім тереңдігі; коммуникативтік дағдылар.

Құрылымдық сұхбат қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің және салалық сарапшылардың қатысуымен өткізілді.

21 августа 2024
Хабарландыру

2024-2025 оқу жылына білім беру грантын алмаған талапкерлер үшін арнайы Call-орталық жұмыс істейді

2024-2025 оқу жылына білім беру грантын алмаған талапкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер туралы ақпарат беру мақсатында арнайы Call-орталық жұмыс істейді, деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

"Құрметті талапкерлер! Call-орталық арқылы сіз қосымша гранттар, оқу ақысын төмендету және басқа мүмкіндіктер туралы ақпарат ала аласыз. Байланыс орталығының байланыстары: 8(7172) 69-50-69; 8(7172) 69-52-92; 8(7172) 69-50-71. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 09:00 - 18:00", - хабарламада айтылған.

21 августа 2024
Олжас Бектенов ЖЭО, желілер мен әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды

Олжас Бектенов ЖЭО, желілер мен әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды

20.08.2024 14:03 жаңалықтар

Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды <url> Primeminister.kz.
Жылу көздерін, инженерлік желілерді, Әлеуметтік сала объектілерін дайындау және отын жеткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, көлік министрі Марат Қарабаев баяндады. Бірқатар облыс әкімдері тыңдалды.

Энергетика министрлігінің деректері бойынша ағымдағы жылы республика бойынша 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Әр түрлі кезеңдерде жұмыстар 1 энергоблокта, 28 қазандықта және 22 турбинада жүргізілуде, 4 энергоблокта, 21 қазандықта және 17 турбинада толық аяқталды. Сондай-ақ, 13,4 мың км электр беру желісі, 277 қосалқы станция, 2 292 тарату пункті жөнделді.

Сонымен бірге сәйкессіздік

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы