
Жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 393 мыңнан астам адам қамтылды
12.08.2024 сағат 09:37-де жаңалықтар
2024жылғы1тамыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуғажәрдемдесудіңбелсендішараларымен393,4мыңқазақстандық қамтылды293,5мыңадамжұмысқаорналастырылдыоның143,6мыңытұрақтыжұмысқа орналастырылды, депхабарлайдыҚРЕңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғау министрлігі
Субсидияланатын жұмыс орындарына 149,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 13,5 мың, жастар практикасына – 14,7 мың, қоғамдық жұмыстарға – 97,8 мың, "бірінші жұмыс орны" жобалары бойынша – 6,7 мың, "ұрпақтар келісімшарты" жобалары бойынша – 258 адам, "Күміс жас" жобалары бойынша – 16,7 мың. адам.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша Онлайн-оқытумен 39,9 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 36,1 мыңы оқытуды аяқтады.
Сондай-ақ, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 49 мың адам қамтылды, оның ішінде 32,6 мың адам сертификат алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 134,6 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде 9 мыңнан астам грант беру көзделген. Жыл басынан бері 4 361 грант берілді.