Қамысты ауданы Арқа ауылдық округі әкімінің «Қазақстан Алюминийі» акционерлік қоғамының Краснооктябрь боксит кен басқармасына Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Арқа ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 4,9 гектар жер учаскесіне Красногор боксит кен орнында су құбыры құрылысын жүзеге асыру жобасы шеңберінде 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі қауымдық сервитут белгілеу туралы.

Қауымдық сервитут

белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы                               4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік                        басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы                         Занының 35–бабына сәйкес Қамысты ауданы Арқа ауылдық                             округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қамысты ауданы Арқа ауылдық округі әкімінің  «Қазақстан Алюминийі» акционерлік қоғамының Краснооктябрь боксит кен басқармасына  Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Арқа ауылдық округінің аумағында орналасқан  жалпы алаңы 4,9 гектар жер учаскесіне  Красногор боксит кен орнында су құбыры құрылысын жүзеге асыру жобасы шеңберінде  2027 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі  қауымдық сервитут белгілеу туралы.
  2. «Қамысты ауданы әкімдігінің Арқа ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы, Арқа ауылдық округі әкімдігінің  интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгіділеді.

 

 

             К. Баскинбаев

 

 

қауымдық сервитут белгілеу туралы
Дата публикации
12 декабря 2025