Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы

 

Қостанай облысы Қамысты ауданы Аралкөл ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 3 шешімі

 

 

          Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 31, 32, 44-1, 107-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, 2024 жылғы 9 сәуірдегі жер учаскесін таңдаудың келісілген қорытынды актісі және 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 2024-1606004 жер учаскесінің бекітілген жер-кадастрлық жоспары негізінде ШЕШТІ:

  1. «Қамысты ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «биіктігі 30 метрлік антенна-дінгек құрылысы салу» нысаналы мақсатымен, кадастрлық нөмірі 12:180:032:1001, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Аралкөл ауылдық округі, Орқаш ауылы аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,3600 га жер учаскесіне 5 (бес) жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы берілсін. Жер учаскесі бөлінбейді.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                                                                                                         Ж. Сыздыков

 

 

Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы
Дата публикации
21 мая 2024