Сайлау учаскелерінің шекаралары

 

                                                               Қамысты ауданы әкімінің

 ХАБАРЛАМАСЫ

2025 жылғы 1 маусымға Қамысты ауданы Бестөбе ауылы және Арка ауылдық округінің әкімдерін сайлауын тағайындауға байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес Қамысты ауданының аумағында құрылған сайлау учаскелерінің шекаралары туралы сайлаушыларды хабардар етемін:

 

Бестөбе ауылы

№ 409 сайлау учаскесінің шекаралары

  Шекарасы: Бестөбе ауылы.

            Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері:  Бестөбе ауылы, Школьная көшесі, 1А, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Бестөбе жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Арқа ауылдық округі

№ 395 сайлау учаскесінің шекаралары

  Шекарасы: Арқа ауылы, Красногор ауылы.

            Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері:  Арка ауылы, Школьная көшесі, 17, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Краснооктябрь жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 Қамысты ауданының әкімі             Е.А. Жаулыбаев

 

                                                        

 

Дата публикации
23 апреля 2025