Қамысты ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 23 сәуірдегі
№ 12 қаулысына қосымша
2025 жылғы 1 маусымға тағайындалған Қостанай облысы
Қамысты ауданы Бестөбе ауылы және Арқа ауылдық округінің әкімдерін
сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары
|
1. Бестөбе ауылы және Арқа ауылдық округінің әкімдерін сайлауын тағайындау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 23 сәуір (113-1-б.1,2-т.) |
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 3 мамырдан кешіктірмей (22-б.)
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 3 мамырдан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2025 жылғы 8 мамырдан кешіктермей
(17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2025 жылғы 8 мамырдан кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіпте тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2025 жылғы 24 сәуірде басталады және 2025 жылғы 6 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б.)
|
|
7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы (4-б., 4 т.), 113-2 б.) |
|
8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1 т.), 31-б.) |
|
9. Әкім болуға кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.)
|
|
11. Кандидаттардың құжаттарын арнайы тексеру жүргізу үшін Ұлттық қауіпсіздік органдарына жолдау. Аумақтық сайлау комиссиясы Барлық құжаттар тіркеуге келіп түскен кезден бастап (113-5 б., 4 т.) |
|
|
12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2025 жылғы 1 сәуірге) |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күні шінде (113-5-б. 3-т.)
|
|
15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2025 жылғы 24 сәуірда басталады және 2025 жылғы 11 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б.) |
|
16. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жабдықтыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2025 жылғы 11 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылғы 31 мамырда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
19. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Аудан әкімі Дауыс беретiн күнге жиырма күн қалғанда 2025 жылғы 11 мамыр (24-б. 5-т.) |
|
21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда 2025 жылғы 17 мамырдан бастап (26-б. 1-т.)
|
|
22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 22 мамырға дейін (18-б. 5 т.), 38-б. 2-т.) |
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлауға дейін кемінде үш күн бұрын және бір күн бұрын 2025 жылғы 29 мамырдан ерте емес және 30 мамырдан кешіктірмей (37-б. 3-т.) |
|
24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Жергілікті уақыт бойынша 2025 жылғы 1 маусым сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
25. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады (18-б. 8 т., 43-б.) |
|
27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
29. Бестөбе ауылы және Арқа ауылдық округінің әкімдерінің сайлау қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылдың 4 маусымнан кешіктірмей (113-10-б. 1 т..)
|
|
30. Бестөбе ауылы және Арқа ауылдық округінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақты сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жеті күннен кешiктiрмей 2025 жылғы 7 маусымнан кешіктірмей (44-б.) |
|
31. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде
Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2025 жылғы 7 маусымнан кешіктірмей (45-б.,46-б.3-т, .113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.