Қамысты ауылы село Қамысты
Мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы № 105 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторий-курорттық емделуді ұсынатын ұйымдарға мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге, оларды алып жүретін адамдарға арналған шығындарды өтеу үшін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бірақ табысын есепке алмағанда, бір ілеспе адамнан артық емес, жылына 1 рет, тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде, емдеу рәсімдерін қоспағанда, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға өткізу кезінде санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызынан аспайды.»;
13-тармақ мынадай мазмұны бар абзацпен толықтырылсын:
«Осы Қағидалардың 6-тармағы 14)-тармақшасында көрсетілген адамдар санаторий-курорттық емделуге ақы төленгенін растайтын құжатты, санаторий-курорттық ұйым бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға және онымен бірге жүретін адамға берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.».
Лауазымы Аты-жөні