Қамысты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 105 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасына салыстырмалы кестесі
|
Р/с № |
Құқықтың актінің құрылымдық элементі |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме: 1) түзетудің мәні; 2) енгізілетін әрбір түзетудің дәлелді негіздемесі; 3) тиісті құқықтық актіге сілтеме, тапсырмалардың(бар болса) нөмірі, күні |
|
1. |
6-тармақтың 14)-тармақшасы |
жоқ болды |
14) әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторий-курорттық емделуді ұсынатын ұйымдарға мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге, оларды алып жүретін адамдарға арналған шығындарды өтеу үшін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бірақ табысын есепке алмағанда, бір ілеспе адамнан артық емес, жылына 1 рет, тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде, емдеу рәсімдерін қоспағанда, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға өткізу кезінде санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызынан аспайды. |
2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 170 бабының 3 тармақшасы, 2020 жылғы 6 мамырдағы, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 17 бабының, 13 бабының 2) тармақшасы, 12 бабының 1 тармғының 2) тармақшасы, 11 бабының 1 тармақшасы 2)тармақшасы, 10 бабының 1 тармағының 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгі қағидаларының 4-тармағы
|
|
2. |
13-тармақ тармақпен толықтырылсын
|
жоқ болды |
осы Қағидалардың 6-тармағы 14)-тармақшасындакөрсетілгенадамдар санаторий-курорттықемделугеақытөленгенінрастайтынқұжатты, санаторий-курорттық ұйым бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға және онымен бірге жүретін адамға берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісінұсынады. |
2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 170 бабының 3 тармақшасы, 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгі қағидаларының 4-тармағы |
________________________________________