Меню

Страницы

Статья

Мақала «Мемлекеттік қызметтің ашықтылығы мен айқындылығы»

Мемлекеттің табысты жұмыс істеуі мен әлеуметтік-орнықты дамуы үшін мемлекеттік органдар беретін ақпараттың ашықтылығы мен қолжетімділігі маңызды критерий болып табылады.

Бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп жатқан реформалар барысында біз кәсіби мемлекеттік аппарат пен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті белсенді түрде қалыптасуының, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының жақсаруның куәсі болып отырмыз.Мемлекеттік қызметке кіру рәсімі жаңартылды.

Осылайша, бірінші кезекте мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде конкурстық рәсімдердің ашықтылығы мен айқындылығы  қамтамасыз етілді. Бос орындар туралы барлық конкурстық хабарландырулар тиісті мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер Агенттігі Департаментінің интернет-ресурстарында жарияланады, ал мемлекеттік қызметке кіру кешенді  іріктеу нәтижелері бойынша және  тек төменгі лауазымнан ғана мүмкін болады. Жоғары тұрған бос лауазымға  іріктеу мемлекеттік орган қызметкерлері арасында ішкі конкурс өткізу арқылы мүмкін болады . Жұмыс тәжірибесі мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуінің басты шарты болды және тағы да конкурс негізінде өткізіледі. Міндетті сынақ мерзімі енгізіліп, этикалық нормалардың бұзылуына және сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын жағдайлардың алдын алуға бағытталған қатаң шаралар қарастырылды . Ал бақылаушылар институты мемлекеттік органдарда кадрларды іріктеу бойынша  конкурстарды өткізу кезінде олардың айқындылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл осы түзетудегі сыбайлас жемқорлық  тәуелкелдерін  азайтуға мүмкіндік берді.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
18 октября 2022
Дата обновления
18 октября 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы