Меню

Страницы

Статья

БКМ чегінде сатып алушының ЖСН нөмірін көрсету.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Бақылау-касса машиналарының модельдері мемлекеттік тізілімге енгізіледі және олардың деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар.

Өз кезегінде Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының түбіртегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес БКМ чегін қамтуы тиіс ақпарат тізбесі белгіленген.

Өз кезегінде, салық кодексінің 166-бабы 7 – тармағына сәйкес онлайн-БКМ чегі сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі-ЖСН) қамтуы тиіс.

Осылайша, тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде сатушы БКМ чегін беруге және сатып алушының (клиенттің) талабы бойынша БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының ЖСН көрсетуге міндетті.

Сондай – ақ, 2022 жылдан бастап модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген онлайн-БКМ қолданатын салық төлеушілерге (бұдан әрі-ЖТ) сатып алушының ЖСН енгізу функциясын қоса отырып, БКМ қайта бағдарламалау қажет.

Қазіргі таңда, https://consumer.oofd.kz/ сілтемесі бойынша фискалдық деректер операторларының, https://kgd.gov.kz/ru/services/kkm_check сілтемесі бойынша ҚР ҚМ МКК ресми сайтында және https://egov.kz/wps/portal/paymentSearch сілтемесі бойынша «электрондық үкімет» порталында берілген бақылау-касса машинасы түбіртегінің заңдылығын тексеру мүмгіндігін бар.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
13 октября 2022
Дата обновления
13 октября 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы