20.09.2022 жылы Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының "Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы" КММ ғимаратында Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Турганова Ж.Д. және Алпысбаева М.Ж.студенттерге және іс-шараға келушілерге түсіндірме жұмыстарын және осы тақырыпқа сәйкес буклеттер, жадынамалар таратумен кезекті рет жүргізді.
Аталған іс-шараға қатысудың мақсаты студенттерге «E-Salyk Azamat” , «E-Salyq Business» мобилдік қосымшасы туралы түсіндіру, ол арқылы онлайн режімінде бірқатар мемлекеттік қызметтерді алуға болады, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының өз азаматтық ұстанымын білдіруге, заңды бұзуға нөлдік төзімділік танытуға және осы науқанға белсенді қатысуға шақыратын «Азаматтық бақылау- чек талабы» пилоттық акциясы туралы, сондай-ақ салық заңнамасы нормаларының басқа да тақырыптары түсіндіру болды.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы