Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Ж. Усембаев 2022 жылдың 14 қыркүйегінде Қостанай қаласының мектеп және балабақша директораларымен кездесу өткізді.
Бұл кездесудің негізгі тақырыбы: «2022 жылдың 8 айындағы болжамның орындалуы», "е-Salyq Business", «е-Salyk Азамат» мобильдік қосымшалары», «Жалпыға ортақ декларациялау» және басқа да өзекті тақырыптар.
Қостанай қаласы бойынша мемлкеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Ж.Усембаев 2022жылы басқарманың атқарған жұмысы, атап айтқанда түсімдердің динамикасы, қосымша резервтер, 2021жылға жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты төлеу мерзімдері, сондай-ақ Жалпыға ортақ декларациялау жүйесі бойынша еңгізілген жұмыс қалай жүріп жатқаны туралы баяндама жасады.
Заң бөлімінінң бас маманы Ж.Д. Турганова "е-Salyq Business", «е-Salyk Азамат» мобильдік қосымшалары туралы толық ақпаратты айтып берді. Қостанай қаласы бойынша 2022 жылғы арналған жұмыс жоспарын іске асыру бойынша жұмыс қорытындыланды, Қостанай қаласының мектеп, бала бақша өкілдеріне қойылған сұрақтарына толық жауаптар берілді. Іс-шараға қатысушыларға түсіндіру сипаттағы жадынамалар табыс етілді.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы