Салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы барбақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімін 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Бұдан бұрын 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде 2.0.2-нұсқадағы хаттамаға бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажеттігі туралы хабарланған болатын.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық жеке кәсіпкерлер мен заңдытұлғалар 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде барлық тіркелген бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау бойынша жұмыстарды аяқтауы қажет.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2.0.2-ден басқахаттамаларға Фискалдық деректер операторлары қолдаукөрсетпейді.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы