Меню

Страницы

Статья

Бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін бермегені туралы хабарлаңыз!!!

Бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін берілмегені туралы немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту туралы хабарлаған Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында «Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы өткізіле бастады.

«Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет» акциясына кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын болады.

Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады.

Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы барлық азаматтарды өздерінің азаматтық ұстанымдарды білдіруге, заңды бұзушыларға бей-жай қарамауға және «Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет» акциясына белсенді қатысуға шақырады.

 Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
02 сентября 2022
Дата обновления
02 сентября 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы