Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлерге салық міндеттемесін орындау мерзімдерін еске салу үшін push-хабарламалары жіберілуде

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

2022 жылғы 5 тамыздан бастап пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін, фискалдық деректер операторларымен ынтымақтастық шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитеті "Транстелеком" АҚ-мен бірлесіп, бақылау-кассамашиналарында «push-салық хабарламалары» жаңа сервисін іске қосты.

Бірлескен жобаның басты идеясы –бақылау-касса машиналарын пайдаланушыларына салық міндеттемелерін уақытылы орындау туралы, оның ішінде салық органына салық есептілігін толтырып, ұсыну бойынша тез және қолжетімді түрде еске салу.

Бастапқыда push-салық хабарламалары бақылау-касса машиналарын пайдаланушыларына мерзімдері басталғанға дейін және салық есептілігін ұсыну кезеңінде жіберілетін болады. 

Сервис салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігі туралы салық төлеушілерді хабардар етіп отырады, яғни еске салады. Нәтижесінде, салық төлеуші міндеттемелерінуақытылы орындап,салық органдары  шоттардыбұғаттаумен айыппұл салу сияқты шараларды қолданбауына септігін тигізеді деп күтілуде.

«Бүгіннен бастап салық төлеушілер бақылау-кассамашиналары арқылы айлық, 2-тоқсан мен 1-жартыжылдық үшін салық есептілігін, оның ішінде 910.00-нысаны бойынша декларациясын, 2022 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей ұсыну қажеттілігі туралы еске салатын push-салық хабарламаларынала бастайды», - деп хабарлады МКК-де.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
27 августа 2022
Дата обновления
27 августа 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы