Меню

Страницы

Статья

Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде ұсыну қажет

Жалпыға бірдей декларациялау аясында 2021 жылы активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырған тұлғалар, 2022 жылдан бастап жыл сайын табыстары мен мүлкі туралы декларацияны тапсыруға міндетті. Бұл міндеттеме мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғаларға және декларация тапсыруға міндетті азаматтар санатынан шыққан тұлғаларға да қатысты.

  Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысанда) 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына электронды түрде ұсыну қажет.

       Осы жылы декларация тапсыру бойынша міндеттеме келесі санаттарға тиесілі:

         - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

         - мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

         - мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

         - «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар.

         Сәйкесінше, аталған азаматтар жоғарыда көрсетілген санаттардың біріне тиесілі болуы-болмауына қарамастан, ағымдағы жылы кірістері мен мүлкін декларациялауға міндетті.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Дата публикации
16 августа 2022
Дата обновления
16 августа 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы