Меню

Страницы

Статья

"Е-Salyq Azamat" мобильдік қосымшасы арқылы салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алуды жүргізу

 Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, хабарлайды: 

Е-салық азамат Мобильді қосымшасының ішіндегі ең маңызды функцияларының бірі - «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алу немесе қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызметін алу болып табылады.

«Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алу  үшін «е-Salyk Азамат» мобильдік салық қосымшасын іске қосып,  «салық әмияны» батырмасын басып, жүйеге кіріңіз.

Келесі де  «Артық төлемді пайдалану» бөліміне өтіп, салық әмиянында  бюджеттік сыныптама кодына төленген есепке алуға жататын артық немесе қате төленген төлемнің бірін таңдаңыз. Әрі қарай, төлем алушының түрін  - «есепке алу үшін» батырмасын таңдап,  есеп жүргізу үшін  мәліметтерін енгізуге  «басқа мәліметтерін таңдау» бөліміне өтіп , ашылған бетте міндетті түрде созылмалы тізімнен келесіні  енгізіңіз:

1)мемлекеттік кірістер органының кодын;

2) есепке жатқызылатын бюджеттік сыныптаманың кодын;

3) Артық  немесе қате төленген төлем түскен тиісті төлем мақсатының кодын.

Келесі де, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз, мұнда төлемнің «қайдан» және «қайда» есепке жатқызылатыны туралы ақпарат көрсетіледі. «Қайда» өрісіндегі –сома көлемін қолмен енгізіп, содан кейін «растау» батырмасын басыңыз. Бірден қосымшаның басты беті ашылып, өтініштің сәтті жіберілгендігі туралы хабарлама көрсетіледі.

Сонымен қатар, «артық төлемдерді пайдалану» бөлімінің тарихында, сіз жіберген салықтық өтініштерді көруге болады.

Өтініш жүйеге келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады, осыған байланысты есепке алу немесе қайтару үшін салықтық өтініштерді электронды түрде «е-Salyk Азамат» мобильдік салық қосымшасы, салықтөлеуші кабинетінен және электрондық үкімет порталынан жолдауды сұраймыз.

Қостанай қаласы бойынша мемлекетік кірістер басқармасы

Дата публикации
15 июля 2022
Дата обновления
15 июля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы