«Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурсжариялайды.
Кәсіпорын мекенжайы: 110000, Қостанай облысы, Қостанай қ., Маяковский көшесі, 119, тел. 8 (7142) 26-64-05.
Кәсіпорынның негізгі қызметі:халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау, насихаттау, оларды осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:«өнер» немесе «гуманитарлық ғылымдар» немесе «қызмет көрсету» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 90 785 тењгеден 135 390 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардыңқұжаттарын қабылдаубұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткенненкейін аяқталады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды: 110000, Қостанай қ., М.Дулатов көшесі, 91 мекенжайы бойынша ұсынады, анықтама телефоны: 8 (7142) 53-11-01.