Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік кірістер комитеті @SalyqBot сандық салық кеңесшісін іске қосты

Салық және кеден мәселелерін халыққа түсіндіру, халықты хабардар ету және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram-да Чат-боты іске қосылды. Чат-ботты 1 наурыздан бастап «@SalyqBot» атауымен немесе https://t.me/salyqbot тікелей сілтемесі арқылы табуға болады.

@SalyqBot - сандық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген, өте пайдалы мына функциялары бар:

- пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде алуына мүмкіндік береді;

- салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;

- қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;

- жеке немесе заңды тұлғаның қажеттілігіне байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;

- пайдаланушыларға МКК қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар арқылы мәлімет береді;
- заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.

Чат-боттың МКК байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген деректер базасы бар, бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап алуға мүмкіндік береді.

Пайдаланушы әрқашан да берілген жауаптарға баға қоя алады, сонымен қатар сұрақ қоюға, чат-бот операторына тікелей өтініш немесе тілек жазуға мүмкіндіктер қарастырылған.

Ағымдағы жылы Чат-ботты дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады, оның төңірегінде салық төлеушілерге көптеген қосымша мүмкіндіктер беріледі, мысалы, салық есептілігін ұсыну мерзімін, салықтарды төлеу мерзімін өткізіп алмау, банк шоттарын бұғаттау (тыйым салу) туралы және басқа да маңызды ақпаратты білу.

Мемлекеттік қызметтерді алу процесінде байланыстарды барынша азайту, яғни, Мемлекеттік кірістер органдарына баруды болдырмау, уақытты үнемдеу және мәліметтер алу сапасын жақсарту және оны дамыту үшін @SalyqBot сандық салық кеңесшісіне жазылыңыз және оны тиімді қолданыңыз.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
25 мая 2022
Дата обновления
25 мая 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы