Меню

Страницы

Статья

22 жылғы 18 мамырда «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауы басталды.

Байқауға қатысуға мемлекеттік қызмет өтілі кемінде үш жыл, құжаттарды қарау кезінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін шешілмеген әкімшілік жазалары және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.

I кезең - өңірлік (облыстық) деңгейдегі, өңірлік конкурстық комиссиялар өткізетін конкурс.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 18-22 мамыр аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне келесі материалдарды k.m.baidaulet@kyzmet.gov.kz электрондық поштасына жіберу арқылы жүзеге асырылады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

2022 жылғы 23 мамырда сағат 10.00-ге дейін барлық қатысушыларға бір мезгілде кейстік тапсырма электрондық поштаға/смс/WhatsApp жіберіледі. Байқауға қатысушылар 23:59 сағаттан кешіктірмейтін мерзімде өзінің көлемі 500 сөзден аспайтын жазбаша жауабын және ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бейне жауабын жолдаулары қажет. Кезең эссе жазу форматында өтеді.

2022 жылғы 28-31 мамыр аралығында кандидаттар өңірлік комиссияға мемлекеттік қызмет саласында іске асырылатын немесе іске асырылған жобалар/идеялар бойынша таныстырылым ұсынады. Презентацияның ұзақтығы 5 минуттан аспауы керек. Презентация мәтінін (Word) форматта және слайдтарды (Pdf) кандидаттың визиткасын ресімдей отырып ұсыну қажет.

Бірінші кезеңнің жеңімпаздары конкурстың екінші кезеңіне республикалық деңгейде 2022 жылғы 5 маусымға дейін қатысуға ұсынылады.

Республикалық комиссия кандидаттармен әңгімелесуді 2022 жылғы 10 маусымға дейін өткізеді, жаңа идеялар презентация түрінде ұсынылады.

Толық ақпарат Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған арнайы әдістемелік ұсынымдарда қамтылған gov.kz сілтеме бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/307238?lang=kk&fbclid=IwAR3w10hfd-RRt0Gs_IKQkUzTRktAO4MbTlsfBGfn8rVwFflwtKeUlPKuKVM

Қосымша кеңесті 8 (7142) 39-35-56 телефондары арқылы алуға болады.

Дата публикации
19 мая 2022
Дата обновления
19 мая 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы