Меню

Страницы

Статья

Жалпыға бірдей декларациялау

Жеке тұлғалардың кірісін жалпыға бірдей декларациялауды енгізу «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 42 қадамы шеңберінде жүзеге асуда.

Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты – жеке тұлғаладың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құру, көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін енгізіледі. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесін  енгізу – салықсалуды әкімшілендіру бойынша  едәуір көп бөлігін қамтып, салық төлеуді толық қамтамасыз ету.

Ол Салық кодексінің 71-тарауындағы 630-643 баптарымен белгіленген. 

Декларациялау жүйесіне кірген кезде алғашқы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясы (СЕН 250.00) тапсырылады. Онда жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарында ақшасы бар жеке тұлғаларға дебиторлық-кредиттік (депозиттер мен кредиттер) қарызы есептік жылдың 31 желтоқсаны бойынша  көрсетіледі. Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлік мен банктегі есепшоттарды көрсету қажет емес, оларды мемлекеттік кіріс тер органдары қажет болған жағдайда, сұраудар арқылы алатын болады.

Одан басқа, жеке тұлғадар, өзінің басқа да мүлікн, мәселен, мәжени құндылықтарды, бағалы зергерлік бұйымдары мен биологиялық активтерін көрсетуге құқылы.

Жалпыға бірдей декларацияны, яғни активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (СЕН 250.00):

- 15 шілдеден кешіктірмей қағаз жеткізгіште;

- 15 қыркүйектен кешіктірмей электрондық түрде тапсыруға болады.

Келесі жылдары кірістер мен мүлік бойынша декларация 260.00 СЕН тапсырылатын болады.

Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу туралы Заңның 45-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының 31 желтоқсанында мынадай жеке тұлғалар:

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырады;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі - сайлау туралы Заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң, Банктер туралы Заң, сақтандыру қызметі туралы Заң, бағалы қағаздар нарығы туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдардың.

Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастапзаңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
17 мая 2022
Дата обновления
17 мая 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы