Конкурсты ұйымдастырушы: «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ;
электрондық пошта мекенжайы: upp@kostanay.gov.kz;
байланыс телефоны: 8 (714-2) 90-20-50, 8 (714-2) 90-20-58.
Конкурстың мәні: Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді беру орны: «Qoldau.kz» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2022 жылғы «11» мамырдан бастап 2022 жылғы «20» мамырға дейін
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ ресми сайтында және Instagram (upiir_kosta) және Facebook (https://www.facebook.com/upiirKO) әлеуметтік желілерінде танысуға болады.
Қосымша: шартты жүктеу