Меню

Страницы

Статья

Үш компонентті интеграцияланған жүйенің артықшылығы

Үш компонентті интеграцияланған жүйе – бұл деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден, сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе болып табылады.

Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер үшін ҮИЖ қолданудың артықшылықтары

1. Салық кезіңіндегі, яғни жартыжылдықтағы кіріс шегі 24 038 АЕК-тен (73,6 млн. теңге).

2. 2022 жылы ҚҚС бойынша шек 20 000 АЕК-тен 124 184 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, яғни 61,3 млн. теңгеден 380,4 млн. теңгеге дейін.

3. Алайда, бұл ұлғаю тек үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын операцияларға қатысты екенін ескеру қажет. Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жуңілдетуге арналған.

Үш компонентті интеграцияланған жүйені есепке қою, өзгерту, есептен шығару салықтық өтініш негізінде, жеке кәсіпкер орналасқан жердегі мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен немесе салық төлеушінің Кабинетінде электрондық түрде жүзеге асырылады. Бірыңғай тізілімі Комитеттің kgd.dov.kz. сайтында орналастырылған.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
06 апреля 2022
Дата обновления
06 апреля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы