«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексінің 462-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда акцизделетін тауарлар тізбесі енгізілген газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын қосылды. Осыған байланысты назарларыңызға мыналарды жеткіземіз.
Газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулардың қоспаларына, экологиялық отынға акциздерді есептеуге қатысты.
Салық кодексінің 461-бабы 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларына сәйкес акциздерді төлеушілер жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады, олар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығарады;
2) акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайды;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асырады.
Салық кодексінің 462-бабының 5)-тармақшасына сәйкес бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын акцизделетін тауарлар болып табылады.
Салық кодексінің 464-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын және экологиялық отынды көтерме және бөлшек саудада сату акциз салу объектісі болып табылады.
Осылайша, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулардың қоспаларына,экологиялық отынға, оның ішінде көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде акцизделетін тауарларды өндіруді жүзеге асыратын төлеушілерге акциздерді есептеу жүктеледі.
ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 3100-2710 19 4800 кодтарымен дизель отынына салық салуға қатысты.
ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 тауар позициясына құрамында 0,05 мас.%-дан аспайтын күкірт бар:
- - - - - - - дизель отыны:
- - - - - - - - 2710 19 421 0 жазғы
- - - - - - - - 2710 19 422 0 қысқы
- - - - - - - - 2710 19 423 0 арктика
- - - - - - - - 2710 19 424 0 маусымаралық
- - - - - - - - 2710 19 425 0 басқа
- - - - - - - 2710 19 426 0 жабық тигельдегі тұтану температурасы 61 0С-тан төмен емес кеме отыны
- - - - - - - 2710 19 429 0 өзгелері
- - - - - - 2710 19 460 0 құрамында 0,05 мас %-дан астам күкірт бар, бірақ 0,2 мас.%
- - - - - - 2710 19 480 0 құрамында 0,2 мас % астам күкірт бар тауарлар жатады.
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуге қатысты.
«Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығы сәйкес тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі бекітілген,оның ішінде мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын Заңмен реттеледі.
Бұл ретте газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын Заңмен реттелмейді, тиісінше мұндай тауарлар бойынша тауарларға арналған іліспе жүк құжаттарын ресімдеу талап етілмейді.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы