Меню

Страницы

Статья

Шикізат экспорттаушыларына жаңа салықтық артықшылықтар

Шикізат экспорттаушыларына қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруды жеңілдету жоспарлануда. Мұндайартықшылықтарғашикізатэкспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде жартысын ұлттық валютаға  айырбастаған экспорттаушылар ие болады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Ол үшін салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы әзірленуде.

Салық кодексінің 434-бабына салық кезеңінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілері үшін қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін белгілейтін түзету енгізілген.

Бұл ретте,  экспорттаушылар Салық кодексінің 429-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келсе,қосылған құн салығынан қалыптасқан асып кету сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерінсалықтық тексерусіз 15 жұмыс күні ішінде қайтара алады.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаражатбөлуді талап етпейді.

Жоба мақсаты нарықтық жағдайлармен салыстырғанда қаражатты ұлттық валютамен инвестициялау үшін неғұрлым тиімді құралдарды беру болып табылады.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
10 марта 2022
Дата обновления
10 марта 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы