Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 556-бабына сәйкес алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 558-бабына сәйкес төлемақы төлеушілер төлеушілер жыл сайын өзініңорналасқан жерібойынша төлемақы сомасын тең үлестермен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей төлейді.
Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.
Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.
Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемақы төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы тараудың мақсаттарында – АЕК) мөлшерінде айқындалады және мыналарды құрайды.
Сондай-ақ төлем түріндер бюджетке төленетін міндетті ақша аударымдары басқа да міндетті төлемдер болып табылатынын (Салық кодексінің 1-бабы 1-тармагының 10-тармақшысы) және салық төлеушінің мемлекет алдындағы салық міндеттемесі (Салық кодексінің 31-бабының 1-тармағы) болып танылатынын атап өткен жөн.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы