Елдің барлық өңірлерінде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты ағымдағы жылғы 19 қаңтарға дейін, сондай-ақ «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес оның қолданылу кезеңінде бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе шектеу көзделеді.
Баяндалғанның негізінде және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты есеп беру кездесулерін өткізу кейінге қалдырылады.
Қостанай қаласы әкімінің
2022 жылғы I тоқсандағы есеп беру кездесуін
өткізу кестесі
|
№ |
Өткізілетін орны |
Мекенжайы |
Өткізілетін күні мен уақыты |
|
1 |
Қалалық балалар шығармашылығы мектебі |
Алтынсарин көшесі, 109 |
2022 жылғы 25 ақпан, сағат 15:00 |
Сұрақтар мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшіктер төмендегі мекенжайларда орналасқан:
- Алтынсарин көшесі, 109 қалалық балалар шығармашылығы мектебінің ғимараты;
- Пушкин көшесі, 98, қалалық әкімдік ғимараты.
Сондай-ақ, өз сұрақтарыңызды аты-жөніңізді, тұрғылықты мекен-жайыңызды, байланыс деректеріңізді және электрондық мекен-жайыңызды (бар болса) көрсете отырып, 8-7142-57-57-62, 8-7142-57-57-30 нөмірлері бойынша қалдыра аласыздар.