Меню

Страницы

Статья

ҚР АШМ АӨК МИК Қостанай қалалық аумақтық инспекциясы келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді

Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына    сәйкес № 15-08/590  2015 ж. 29.05.  және  2020 ж. 26.05. № 186 тіркеме бұйрығына    сәйкес(өзгерістер енгізілген):

Қостанай қалалық инспекциясы келесі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

- «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру».

- «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндiк сертификат беру».

- «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу».

 - «Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру».

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық(ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік  қызметті «электрондық үкімет» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы алуға мүмкіндігі бар және (немесе) қағаз түрінде. Портал тәулік бойы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.  Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ  мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 алуға болады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде   қызметті берушіге қажетті құжаттар тізбесі:

   - фитосанитариялық  сертификат алу үшін қызмет берушіге:

    1) осы мемлекеттік қызмет көрсету № 8 тіркеме стандартына сәйкес нысандағы  өтінім.
    2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін)

   - карантиндік сертификат алу үшін: (мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электронды)

  • қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету № 16 тіркеме стандартына сәйкеснысан бойынша порталда өтініш толтырады;
  • жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін)

   - карантиндік объектілерді шығаруды келісу үшін қызметті берушіге:

     1) осы мемлекеттік қызмет көрсету № 12 тіркеме стандартына сәйкес нысандағы  өтінім.
     2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін)

- астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру үшін қызмет берушіге:                                                                                                             1) осы мемлекеттік қызмет көрсету № 19 тіркеме стандартына сәйкес нысандағы  өтінім.
        2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін)

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған («Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Өсімдік шаруашылығы бойынша қызмет көрсету» кіші бөлімінде).

Сенім телефондары: 8 (7172) 55-57-72,  8 (7142) 53 -00-23     

ҚР АШМ АӨК МИК

Қостанай қалалық аумақтық инспекциясының басшысы            Қ. Сәндібеков

Дата публикации
11 января 2022
Дата обновления
11 января 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы