Меню

Страницы

Статья

Жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлерге кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну қажет пе

2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар мемлекеттік кірістер органдарына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсына ма?

Бұдан бұрын, 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына (11-баптың 3-тармағы) сәйкес мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (есептілік нысаны 230.00) ұсынуға міндетті болатын.

Жалпыға бірдей декларациялаудың енгізілуіне байланысты 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мүлкі туралы Декларацияны 230.00 нысаны бойынша ұсыну жөніндегі талаптар, оның ішінде мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған адамдар үшін тоқтатылады.

2020 жылы мүліктік табысты, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден табысты және Салық кодексінің 363-бабында көзделген өзге де кірістерді алған жағдайда аталған тұлғалар орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) табыс ететінін ескеру қажет. Осы декларацияны тапсыру мерзімі 2021 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей.

Егер жеке тұлға 2020 жылға 230.00 нысан бойынша қате декларация тапсырған жағдайда, онда мұндай декларация кері қайтарып алуға жатады.

Салық заңнамасында жалпыға бірдей декларациялауды енгізу төрт кезеңде айқындалған.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
21 декабря 2021
Дата обновления
21 декабря 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы