Меню

Страницы

Статья

«Шолып тексеру» жобасы

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартуға және салық мәдениетін арттыруға бағытталған шолып тексеру жүргізумен салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба жұмыс істейтінін х.

Пилоттық жоба шеңберінде жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында ҚР-да көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында (kgd.gov.kz) "Ақпараттық ресурстар" - QR-кодты қалыптастыру қосымша парақшасында, штрих-кодты (QR-кодты) алулары қажет.

Бұдан әрі штрих-кодты (QR-код) БКМ орналасқан жерлерге түрлі-түсті форматта басып шығару және орналастыру қажет. QR-код кәсіпкерді сатып алушылармен сәйкестендіру үшін қажет.

Штрих-код (QR-код) мынадай ақпаратты қамтиды: ЖСН/БСН; Салық төлеушінің толық атауы; орналасқан жерінің мекенжайы; алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензияның болуы немесе болмауы; БКМ тіркеу нөмірі; салық төлеушінің мәртебесі (қолданыстағы, әрекетсіз, қызметін тоқтата тұру).

Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары бейне тіркеу және (немесе) фотофиксация құралдарын қолдана отырып жіберілген шағымдар бойынша ғана шолып тексерулі жүргізеді.

Бұл ретте, шолып тексеруді жүргізу туралы шешімде көрсетілген шолып тексеруді жүргізу мерзімі басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурсында аталған шешім орналастырылады.

Шолып тексеру жүргізу арқылы салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаның жүргізілу тәртібімен http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021928 сілтемесі бойынша толығырақ танысуға болады (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 1232 бұйрығы).

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
24 ноября 2021
Дата обновления
24 ноября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы