Меню

Страницы

Статья

Аяқ киім импорттаушылары мен кеден қоймаларының иелеріне ұсынымдар

Кеден қоймалары иелерінің, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына,декларанттарға және барлық мүдделі тұлғаларға олардың аяқкиімді міндетті цифрлық таңбалау енгізілуіне байланысты олардың қызметіне қатысты ұсынымдар.

2021 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасында аяқкиім діміндетті цифрлық таңбалау енгізіледі. Бұл дегеніміз, осы уақыттан бастап DataMatrix кодынсыз аяқкиімді өндіруге және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 Қаулысымен "Қазақтелеком" АҚ тауартоптарынтаңбалау мен қадағалаудыңбірыңғай операторы болыпбелгіленді.

Тауарларды цифрлық таңбалау – бұл Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында іске асырылатын ұлтаралық жоба.

Қазақстанға импортталатын және сыртқы экономикалық қызметтің 6401, 6402, 6403, 6404, 6405 кодтары бар тауарлар номенклатурасына сәйкес келетін аяқ киімміндетті цифрлықтаң балауға жатады.

Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 4-тармағына сәйкес Одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарларды таңбалау мұндай тауарларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдері мен орналастырғанға дейін жүзеге асырылады. Тиісінше, аяқ киім тауарларын таңбалау кедендік тазарту аяқталғанға дейін үшінші елдердің аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылуы тиіс.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Кодекс) 238-бабының 2-тармағына сәйкес кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар мен белгілі бір операциялар, оның ішінде тауарларды таңбалау жасалуы мүмкін.

Тауарларды таңбалау жөніндегі операцияларды жүргізу үшінкеден қоймасына оператор мен импорттау шының өкілдерін жіберу Кодекстің 404-бабына сәйкес тұрақты не уақытша өткізу негізінде жүзеге асырылады.

Кеденқоймалары аяқкиім тауарларымен қалай жұмыс істейді

Кеден қоймалары таңбалау бойынша операциялар жүзеге асырылатын алаң болып табылады. Таңбалауды енгізу бойынша импорттаушы лар мен кеден қоймалары арасындағы өзара қарым-қатынастар ҚР азаматтық заңнамасы мен реттеледі.

Кеден органының аяқкиімді таңбалаудағы қызметі

Кеден органы импорттаушыға және операторға кеден қоймасының аумағына кіру үшін уақытша не тұрақты рұқсат береді. Рұқсат қарапайым құрастыру операцияларын, сондай-ақтауарларды таңбалау мен байланысты өзге де операцияларды жасау үшін беріледі.

Кеден қоймасының аумағында таңбалауды жүзеге асырғысы келетіндер үшін бірыңғай оператордың ұсынымдары:

1) таңбалау қызметтерін ұсыну үшін тиісті алаңы бар жабық жылытылатын үй-жайлардың болуы;

2) қойма жабдығының (стеллаждар, үстелдер, тауарларды өткізуге арналған техника мен жабдық, өртке қарсы мүкәммал) болуы;

3) инфрақұрылымы (электр энергиясымен қамтамасыз ету, интернет байланысының болуы) болуы тиіс;

4) импорттаушыға тиесілі тауарларға қатысты таңбалау жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға импорттаушымен шарт жасасуға міндетті.

Бірыңғай оператордың импорттаушыға ұсынымдары:

1) импорттаушыға немесе импорттаушының өкіліне тауарды сатуға және тасымалдауға (тасымалдауға) дайындау жөніндегі операцияларды, оның ішінде партияны ұсақтауды, жөнелтімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, буып-түюді, қайтақаптауды, таңбалауды, тауар түрін жақсарту жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін кеден органының кеденодағының аумағына кіруіне рұқсаталуға;

2) Datamatrix кодтарын басыпшығаруға арналған компьютер, 2D сканер, принтер болуыкерек. Принтер болмаған жағдайда Datamatrixкодтарын басып шығару үшін импорттаушы баспахана қызметтерін пайдалана алады.

DataMatrix кодтарын принтерлерде басып шығару ISO 15415 стандартына сәйкес "C" – дентөмен емес оқу класына сәйкескелуі керек.

Ақпарат үшін.

Таңбалау бойынша қызметті реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:

  1. «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңы.
  2. 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таң балау туралы Келісім (Бұданәрі – Келісім).
  3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы» № 72 шешімі.
  4. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 19 «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдары мен таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдастырушылық моделі туралы» шешімі.
  5. «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» ҚР үкіметінің № 568 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің №588 Қаулысы.
  6. ҚР Үкіметінің қаулысы. № 620 «аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы.
  7. «Аяқкиім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және бақылау қағидаларын бекітутуралы» ҚазақстанРеспубликасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің № 518 бұйрығы.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
18 ноября 2021
Дата обновления
18 ноября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы